Түркістан облысы: Отырар ауданында экологиялық акция өткізіледі

«Тазалық – денсаулық кепілі» десек, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазақстаннның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» Заңды тұлғалар бірлестігі Отырар ауданы тұрғындарының назарын аударып, 2022 жылғы 17 қыркүйекте «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» жыл сайынға экологиялық акциясын өткізетіндігін хабарлады. Бұл туралы ақпаратты Отырар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі таратып отыр.

Осыған байланысты, жергілікті жұртшылықты көрсетілген күні жоспарланған іс-шара, яғни тазалық акциясына қатысуға, елдімекендердің аумағындағы бейберекет қоқыс орындарды, үй іргелік аулаларын, көше бойларын, көпқабатты үй маңындағы аумақтары мен аулаларын, жертөлелерін, кіреберістерді (подъезд), өзендердің, каналдар мен бұлақтардың арналарын жинап-тазалау, барлық су жағалауларын қоқысықтардан тазартуға шақырып отыр.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.