Түркістан облысында 2022 жылдың 8 айында ЖРВИ инфекциясынан 4 099 жағдай тіркеліп, 100 м.х.к-202,4 құрады, 2021 жылдың 8 айымен салыстырғанда (6742 жағдай, көрсеткіш- 333,6) 1,6 есеге төмендеген. 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2 563 жағдай тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда (2021ж. 3673 жағдай–494,11), 1,4 есеге төмендеген. Бұл жөнінде Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов ӨКҚ өткен брифингте мәлімдеді.
Ал, 2022 жылдың 8 айында тұмау инфекциясының сырқаттанушылығы тіркелмеген.
Түркістан облысы тұмау/ЖРВИ ға қарсы егу жұмыстарын бастауға толық дайын. Вакцинация шараларын жүргізу үшін, өңірге 304 000 доза «Гриппол +» вакцинасы жеткізілген. Партия көлемі тұмауға қарсы вакцинациямен облыс тұрғындарының 15,2% қамтуға жетеді.
Яғни, тұмауға қарсы вакцина ең алдымен қауіп-қатер тобына жататын адамдарға жүргізіледі:
-медицина қызметкерлеріне;
— жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдерге;
— диспансерлік есепте тұрған балаларға, ересектерге ;
— алты айдан асқан және жиі ауыратын балалар;
-ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен мектеп интернат балалары;
-қарттар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін.
Одан бөлек, ірі кәсіпорындарға өз қаражаты есебінен жұмысшыларын тұмауға қарсы егу ұсынылып отыр.
Инфекциялы вирусты жіті респираторық вирусты ауру, науқас адамнан дені сау адамға ауа-тамшылы жолдармен жұғады, тіпті өте ауыр жағдайларда өліммен аяқталу қауіпі бар.
Көріністері –әлсіздік, қатты бас ауру, қалтырау, ауру ағымына қарай дене қызуының 38-40С көтерілуі, бұлшықет пен буындардың ауру сезімі, көздің жасаурауы, мұрынның бітуі, тамақтың қышуы, тершендік, құрғақ жөтел. Аурудың ұзақтығы 5 күннен 10 күнге дейін созылады.
Тұмаудың салдарынан вирусты және бактериалды пневмонияға, отит, гайморит, менингит, энцефалит, сонымен қатар септикалық асқынуларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Тұмау, ЖРВИ аурушаңдығының алдын алу үшін:
— Ең тиімді алдын алу әдісі- тұмауға қарсы вакцинация!
-Эпидемия кезінде адамдармен байланысты мүмкіндігінше азайту;
-Бетперде тағу; ( әрбір 3 сағат сайын ауыстыру)
-Қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы (құрамында спирт бар) ерітіндімен жуу;
-Адам көп жиналған жерге мүмкіндігінше (ойын-сауық шараларына, жиналыстарға, кездесулерге) барудан бас тару;
-Бөлмені, үйді жиі желдету, ылғалдандыру;
-Толық тамақтану
— Таза ауада жүйелі түрде серуендеу, денешынықтырумен және спортпен айналысу;