Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және азаматтың қоғам институттарымен байланыс жөніндегі комиссиясы Түркістан облысың туризм басқармасымен өңірдің туризм саласындағы бірқатар өзекті мәселелер көтеріп, отырыс барысында талқылады.
Іс-шараға Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі, тұрақты комиссияның төрағасы, Түркістан облысының туризм басқармасының туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу және қолдау бөлімінің басшысы, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС-ң бас директорының орынбасары, Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының бас жоспарды және қала құрылыстық жобалау бойынша қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы қатысты.
Түркістан облысы тарихи және мәдени нысандарға бай. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мәдени мұраның Қазақстандағы ЮНЕСКО алғашқы объектісі болып саналады. Мұнда экологиялық туризм бойынша табиғи аумақтары: — ЮНЕСКО биосфералық объектілерінің тізіліміне енгізілген «Ақсу-Жабағылы», «Қаратау» қорықтары, «Сайрам-Өгем» , «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи парктері, Азрет-Султан мұражайы, Сауран қалашығы, Арыстан баб кесенесі, Шығыс базар, Сарыағаш емдеу-сауықтыру шипажайларында туризм кең таралған.
Түркістан туризм өңір аумағында 1754 тарих және мәдениет ескерткіші орналасқан, оның ішінде халықаралық маңызы бар бір нысан — Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, сондай — ақ Республикалық маңызы бар 31 нысан, жергілікті маңызы бар 421 нысан бар. Бүгінгі таңда Түркістанда жоғары санатты қонақ үйлер саны 10-нан асты. «Керуен сарай» кешенінде ұлттық нақыштағы «цифрлық» мейрамхана мен кофехана ашылды. «Әзірет Сұлтан» жаңа әуежайы толығымен іске қосылды. Ұлы Жібек жолында бай тарихи-мәдени тарихы бар және бүкіл түркі халқы үшін рухани маңызы бар «кіші қажылық» жасау үшін жыл сайын туристер келеді.
Түркістан облысының туристік әлеуетін халықаралық және ішкі нарыққа жылжыту бойынша жарнамалық жұмыстар жүргізілуде.
Әлемдегі ең ірі TripAdvisor платформасы, IZI.TRAVEL халықаралық мобильдік қосымшасы, «Ar Turkistan» визуалды аудиогидінің мобильді қосымшасы, Google street, Wikipedia және Яндекс панорама сервистерінде облыстың туристік объектілерінің ақпараты жаңартылады және тиісті платформаларға енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Бұдан бөлек, арнайы туристік нысандарын қамтитын 5 туристік маршрут әзірленіп turkistantravel.com туристік порталына және туроператорлар мен гид-экскурсоводтарға сондай-ақ Туристерге қызмет көрсету орталығының бөліміне қолданысқа берілді.
Ісшараның тақырыбы аясында облыстың туристік брендіне сәйкес келетін халық қолөнерін дамытуға, кәдесый өнімдерін шығаруға жәрдемдесу, облысымызға тән этнографиялық мәдениетті, халық дәстүрлерін жаңғырту мен дамыту мақсатында «Ұлы Жібек жолы дәстүрлі қолданбалы өнер ұлттық орталығын» құру мәселесі көтерілді.
Түркістан сауда мен қолөнер ісін дамытудың тарихи орталығы болғанына қарамастан, қалада қолөнершілерге арналған орталық жоқ.
Қалада туристер санын арттыру үшін ұлттық нақыштағы жаңа тартымдылық нүктелерін құру қажет. Қолөнершілерге арналған орталық меймандар қазақтың ежелгі салт-дәстүрлеріне, өнері мен ұлттық тағамдарына қол тигізе алатындай тартымды орынға айналуға тиіс.
Түркістан қаласының әкіміне осы орталықты салу қажеттігі туралы хат жолданған, ҚР ҰКП Төралқасы жанындағы Туристік қызмет комитетінің отырысында да айтылған.
Екінші мәселе, Түркістан облысындағы ерекше, құпияға толы орынның бірі – Ақмешіт үңгірін жергілікті маңызы бар тарихи мәдени нысан тізіміне енгізу.
Тарихы тереңде жатқан Түркістан өлкесі әр пенде барып көруді армандайтын орталық. Соның ішінде, Түркістан облысындағы ерекше, құпияға толы орынның бірі – Ақмешіт үңгірі. Ол Қазақстанның он кереметінің бірі саналады және туристерге міндетті түрде бару ұсынылады. Орталық Азиядағы ең үлкен үңгірлердің бірі.
Өз кезегінде, облыстың мәдени-тарихи мұрасы мен табиғи рекреациялық аймақтарын сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында, Ақмешіт үңгіріне белгіленген заң аясында жергілікті маңызы бар тарихи мәдени нысан статусын бере отырып, туристік нысанға айналдыру қажеттілігі туындауда. Себебі аталған үңгірге әсіресе жаз мезгілінде алыс-жақын еліміздің барлық өңірінен және шет елден туристер келіп тамашалауда. Жалпы келушілердің саны жылдан-жылға артуда.
Сарыағаш аудандық емдеу-сауықтыру шипажайларына туристерді тартудың негізгі факторлары және осында көрсетіліп жатқан қызмет түрлері мен мұндағы жұмысқа кедергі жасайтын, қиындық туғызатын мәселелердің шешу жолдары қарастырылды.
13.09.2022жылы Қоғамдық кеңес мүшелері Сарыағаш ауданындағы емдеу сауықтыру шипажайларының жағдайымен танысып, онда көрсетілетін қызметердің сапасына және орын алған мәселелердің шешу жолдарына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Кездесуге Қоғамдық кеңес төрағасы У.Рахиев, мүшелері М. Асилов, Е. Хидиров, Қ. Әділбеков, Б. Айдагараев, Көктерек кентінің әкімі Ү.Тұржанова және шипажайдың қызметкерлері қатысты.
Сарыағаш ауданда 65 шипажайлар жылына 120мыңға дейін демалушы азаматтарға емдік суымен қызмет көрсетіп келеді. Оның ішінде, екеуі мемлекеттік болса, басқалары жеке кәсіпкерлердің еншісінде. Бұрындары шипажайлар демалушы туристерді тартуға қиналып, кейде басқа мемлекеттің азаматтарын тартуға жұмыс жүргізетін. Бүгінде еліміздің зейнет жасындағы азаматтар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер шипажайларға демалушылардың келуіне және қайта демалу керек екенін еркін таңдауға құқық беріп отыр. Соның арқасында шипалы сулы Сарыағаштағы шипажайлар демалушы туристен кемде емес. Мұндағы шипажайларда демалушылардың басты мәселесі аудан орталығына барып қайтудағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету мәселесі болуда. Қазіргі кезде шипажайларға білікті дәрігер мен мейірбикелер, техникалық қызметші мамандар тапшы екені белгілі болды. Аудан орталығынан келетін тәжірибелі дәрігерлерге шипажайға келіп-кету жайы қиындық тудырып отыр. Осындай өзекті мәселелер осы жиында талқыланып, мамандардың ұсыныстары тыңдалды. Кездесу қорытындысы бойынша қоғамдық кеңестің мүшелері тарапынан аудан әкімдігінің жауапты тұлғаларына шипажайдағы өзекті мәлелелерді шешу үшін ұсыныс хат жолданатыны жөнінде шешім қабылдады.