ТҮРКІСТАН: ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің бас сарапшысы қоғамдық тамақтану орындарына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кентау қаласындағы дәмханада орын алған келеңсіздік жағдайға байланысты ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Комитеті тарапынан арнайы комиссия құрылды. Комиссия құрамының өкілі, Комитеттің бас сарапшысы Марат Байтүгелов және Түркістан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов қала әкімі Жандос Тасовпен және жеке кәсіпкерлермен сондай-ақ, Кентау қаласының полиция басқармасының басшысы Ерлан Қыдырбаевпен кездесті.

Бас сарапшы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық нормативтерді атап өтіп, санитариялық-эпидемиологиялық мәні жоғары нысандарда қорытынды құжаттардың болуы міндетті екендігін айтты.

Түркістан облысының СЭБД басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов дәмхана иелеріне нысандардағы санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету, Президенттің тексерулерге қойған жарлығын желеулетіп бей-берекетсіздікке жол бермеу, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жәйттердің алдын-алу керектігі жөніндегі облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің тапсырмасын жеткізді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.