Түркістан облысы: Отырар ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында Республика күніне арналған шара өтті

Бүгін 25 қазан — Республика күні мерекесіне орай «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де ардагерлердің қатысуымен жиын өтті. Шараның мақсаты Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау болып табылады.

Жиынға жиналған ардагерлер қауымы Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктерімізді сөз етіп, өз ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, 2022 жыл 1 қыркүйектегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өзекті мәселелерге тоқталды.

Қазақ халқы — үлкенге қарап бой түзейтін халықпыз. Алдыңғы буыннан үлгі алып, үлкендерге жол беріп, батасын алуға тырысамыз. Отбасының берекесі, шаңырағының тыныштығы мен татулығының тұтқасы болған абыз ақсақалдар, ақ жаулықты әжелеріміз біз үшін әрқашан да үлгі-өнеге болмақ.

Шара соңында ардагерлер осындай келелі жиынның ұйымдастырушыларына ризашылықтарын білдіріп, ақ батасын берді.

Айта кетерлігі, алдағы уақытта аудан көлемінде жоспар аясында түрлі мәдени іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Мәселен, мереке қарсаңында еріктілер мен қоғамдық ұйымдар қайырымдылық және экологиялық акциялар өткізіліп, бірқатар спорттық нысандар ашылатын болады.

Айта өтейік, Отырар ауданындағы «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы осы жылдың қыркүйек айында ашылған-ды. Орталық құрметті еңбек демалысына шыққан барлық еңбек ардагерлерінің басын біріктіретін бірегей ортаға айналмақ. Мұнда ардагерлердің бос уақыттарын тиімді өткізуге мол мүмкіндік жасалған. Олар өзара әңгімелесе отырып, шығармашылықпен айналысады, медициналық көмек алады, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен де шұғылдана алады.

«Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ашылуына арналған салтанатты жиынға аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов және облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Сапарбеков Әбдішүкір, аудандық мәслихат хатшысы Мырзахан Манаповтар қатысып, қарттарға өзінің жылы лебізін білдірген болатын.

«Қоғамның дамуы сол қоғамның қарт адамдарға қарым-қатынасымен өлшенеді. Ауданымызда мұндай орталық ашуды менің халықпен есеп беру кездесуімде тұрғындар қарттарға және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орталық ашуды өтінген еді. Сол орталықта азаматтардың бос уақытын өткізіп, әңгімелесіп, араласуына жағдай жасалуын қалаған. Мінеки, біз сол орталықты ашып отырмыз. Мұндай мүмкіндіктер қарттарымыздың денсаулығы мен руxани күйіне оң әсерін тигізеді деп сенемін», — деген еді Сәкен Асылханұлы.

Орталық ғимараты түрлі заманауи аппараттармен жабдықталған. Атап айтқанда: Тұз шахтасы (тұзбен емдеу), медике кабинеті, автоматтандырылған түрлі массаж құрылғыларымен және арнайы психологиялық көмек көрсету кабинеті, кітапханамен қамтылған. «Белсенді ұзақ өмір» КММ-де мекемеде қазіргі таңда 185 адам әлеуметтік қызмет алса, бір күнде 50 қызмет алушыға 14 маман әлеуметтік қызмет көрсетеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.