Түркістандағы келелі кездесу

-Бүгін, Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінің Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарымен және қалалық, аудандық мәслихат хатшылары мен тұрақты комиссиялар төрағаларының қатысуымен кездесу өтті.

​Аталған кездесуге Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесінен оның бір топ мүшелері: Б.Әйтімова, Қ.Айтаханов, С.Джаксыбеков, С.Джалмагамбетова, С.Жалыбин, М.Копеев, С.Плотников, О.Рахманбердиев, Қ.Сұлтанов, Ә.Құртаев, Ж.Турегельдинов қатысты.

​-Жиынды ашқан облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев арнайы сапармен келген Сенаторлар кеңесіне алғысын жеткізе отырып, Түркістанның даму тарихы мен елдегі жүзеге асырылып жатқан реформаларға, алдағы сайлау науқандарына тоқталып өтті.

​-Сонымен қатар, кездесуде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары Б.Әйтімова және кеңес мүшелері Қ.Сұлтанов, М.Көпеев «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» Заңына және елдегі оң өзгерістер мен қолға алынған бастамаларға, облыстық мәслихат депутаты Қ.Жантөреева шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуге байланысты пікірлерін білдірді.

​Жалпы, Қасиетті Ясауи кесенесінің маңында өткен кездесуде жақсы идеялар, пікірлер мен ұсыныстар айтылып, алдағы іске асырылатын жұмыстар талқыланды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.