Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов Түркістан өңірінің бизнес өкілдерімен кездесті. Кездесуде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов кәсіпкерлердің құқығын қорғау және қолдау, оның дамуына қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралатынын мәлім етті. Басқосудың басты мақсаты — кәсіпкерліктің проблемалық мәселелері мен өзара іс — қимылдың жаңа форматын талқылау.
Диалог алаңында облыстық басқарма басшылары мен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері, ірі және шағын-орта бизнес өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Превенция қызметінің басшысы Агенттік жұмысының жаңа тәсілдері «Атамекен» ҰКП басшылығымен талқыланып, бүгінгі күні кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету мен бизнес ортадағы проблемалық мәселелердің шешілу жолдарын оңтайландыру бойынша бірлескен ауқымды жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.
— Елімізде бизнесті дамыту үшін әкімшілік кедергілерге жол бермеуге, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлініп келеді. Бұл тұрғыда өңірлердегі бизнес-құрылымдардың өкілдерімен тікелей қарым-қатынаста болу және оларды негізсіз әуре-сарсаңдар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінен қорғау – Агенттіктің басым бағыттарының бірі екендігін айрықша атап өткен жөн, — деді Превенция қызметінің басшысы Саян Ахметжанов.
Жиында мемлекеттік сатып алу, ауыл шаруашылығы, мектепке дейінгі ұйымдар мен білім беру салалары, автомобиль жолдарының құрылысы мен құқық қорғау органдары тарапынан кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру әрекетіне қатысты кәсіпкерлердің түйткілді мәселелері талқыланып, шешілу жолдары ортаға салынды.
Кездесуде сөз алған Агенттіктің Түркістан облысы департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Арынбаев бизнес өкілдерін жемқорлық көріністерінен қорғау бойынша жыл басынан бері Департаментпен атқарылып келген кешенді жұмыстарды баяндап, жиынға қатысушылардың назарына өзара іс-қимылдың жаңа форматы туралы мәліметтерді ұсынды.
Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қорғау жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру бойынша білдірілген ұсыныстар қос тараптың назарына алынды.
I really like looking through an article that can make people think.
Also, many thanks for allowing for me to comment!