Түркістандық рухтастардың насихат жұмыстары қарқынды

Орталық сайлау комиссиясының жоспарына сәйкес, 21 қазан күні сағат 18.00-ден бастап елімізде кезектен тыс прездент сайлауының үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осы орайда бүгін Қ.А.Ясауи кесенесінің маңында, әкімшілік-іскерлік орталықта, «Есім хан» алаңы мен «Жаңа қала» шағынауданында үгіт-насихат құралдары таратылатын болады. Сонымен қатар, өңірдегі аудандарға да үгіт құралдары жөнелтілді. Бұл жөнінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.

— Өңір белсенділері осыған дейінгі саяси науқандарға мол үлес қосып келді. Биылғы президент сайлауының үгіт-насихат жұмыстарына да ерекше ынтамен кірісіп кетті. Яғни облыстың әр аймағынан жасақталған 600-ден астам белсенді азамат Жаңа, әділетті Қазақстанды құруға атсалысып жатыр деуге болады. Себебі, мемлекетіміздің дамуына жастар саясатының да қосар үлесі мол, — дейді «Jastar ruhy» ЖҚ Түркістан облысы бойынша филалының төрағасы Жансерік ЖҰМАН.

Айта кетейік, бұл жұмыстарды сайлауалды үгіт-насихат науқанын ерекше қарқынмен бастаған “Jastar ruhy-ның” түркістандық 600-ден астам белсендісі атқарып жатыр. Барлық еріктілер қажетті жабдықтармен және арнайы формамен қамтылған.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.