Қазақстан Республикасының Президенттігіне Кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан облыстық қоғамдық штабында сенімді өкілдерге куәліктер тапсырылды. Штаб төрағасы Бейсенбай Тәжібаев пен штаб төрағасының орынбасары Қайрат Балабиев сайлауалды жұмыстардың барысын баяндап, атқарылатын жоспардың барысымен таныстырып өтіп, арнайы куәліктерді табыстады. Бұл жөнінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыста 919 сайлау учаскесі бар. Онда 1 миллион 165 мың 900 сайлаушы тіркелген. Аталған сайлау учаскелерінде партия атынан 2705 адам сенімді бақылаушы болады.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.