Шымкент: Білім мен ғылымға салынған инвестиция ертеңгі ұрпақтың болашағына жол ашады

Бұл жайында ҚР Президентінің Жолдауын іске асыру аясында «Үміт» зағип жандарға арналған мектеп-интернатының қызметкерлерімен кездесу барысында айтылды. Іс-шараға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы Гүлжайна Жартыбекова,  «AMANAT» партиясының фракция мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары  Қайрат Сүлейменов, Альбина Балғабайқызы, Сұлтанғали Нұрлыбайұлы қатысты.⠀

Кездесуде «AMANAT» партиясының өкілдері Президент Жолдауында айтылған саяси реформаларды жүзеге асуыруда тиіст жұмыстар атқаралып жатқанын атап өтті.

— Биыл білім саласына жаңа өзгерістер енгізілуде. Осыған байланысты қаламызда бірқатар шаруалар атқарылды. Қала бюджетінің 30 % -дан астамы білім саласына бағытталып,167,8 млрд теңге бөлінді. Оқу жылының басынан 1-4 сынып оқушыларына 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылды. Оған 6 млрд жуық қаражат қаралды. Білім мен ғылымға салынған инвестиция ертеңгі ұрпақтың болашағына жол ашады.  Мұғалімдер білімді, ізденімпаз оқушыларды тәрбиелеп шығару олардың басты міндеті саналады,- деді Альбина Елшиева. ⠀

Депутаттың айтуынша,  7 200 баланың жазғы демалыс лагерлеріне жолдамаға 300 млн. теңге бөлініпті. Сонымен қатар, Жолдаудағы саяси өзгерістер жайында Жанар Бектаева сөз алды.

⠀— Мемлекет басшысы ҚР Конституциясының 32 бабына өзгерістер енгізу туралы бастама көтеріп, ол жалпыхалықтық референдумда қолдау тапты. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы биыл екі рет халыққа Жолдауын арнаса, бұл елімізде саяси-экономикалық өзгерістердің жүріп жатқанын білдіреді. Жолдаудың бағытымен дамудың жаңа жолымен жүріп өтуге мүмкіндік аламыз. Біздің елімізде ең алдымен адам құқығы қорғалуы тиіс. Бұл жөнінде яғни,  адамдардың денсаулығы, тегін білім алуы, заң алдында өзінің құқығын қорғауы AMANAT⠀партиясының тұғырнамасында айтылған, — деді Жанар⠀Әлібекқызы.

⠀Елімізде қараша айында болатын кезектен тыс президенттік сайлауда  әр азамат кімге дауыс берем десе де  өз құқығы. Ең алдымен билікке келетін адамды дұрыс таңдасақ қана, мемлекеттің өркениетті, дамыған елдер қатарынан көрінетіні анық.

Жиын соңында қатысушылар мен мектептің қызметкерлері өзара пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.