Шымкент қаласына 7,1 миллиард теңгеден астам қаражатты құрайтын дәрі-дәрмектер жеткізілді

 Қазіргі таңда Шымкент қаласының медициналық ұйымдарына амбулаториялық жағдайында емделушілерге және диспансерлік есепте тұрған пациенттерге 2,4 млрд. теңге құрайтын 382 атаулы дәрі-дәрмек жеткізіліп берді. Бұл туралы СК-Фармация мекемесінің баспасөз қызметі мәлім етті.


СК-Фармация мекемесінің мәліметі бойынша, жалпы алғанда, Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдар амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін 2020 жылға  4,6 млрд. теңгеден асатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға тапсырыс берген.

Бүгінгі таңда пациенттерге 1,6 миллиард теңгеден асатын дәрі-дәрмектер берілді.

Сонымен қатар, 2020 жылға стационарлық жағдайында емделетін науқастар үшін Шымкент қаласының медициналық ұйымдары 5,3 миллиард теңгеден асатын дәрі-дәрмектерге тапсырыс берді. Соның ішінде  4,7 миллиард теңгеден астам дәрі-дәрмегі қазіргі таңда жеткізілді.

Дәрілер амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін ауруханаларға, сондай-ақ медициналық ұйымдарға, яғни диспансерлік есепте тұрған және тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алатын азаматтарға жеткізілуде.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

  1. Does your blog have a contact page? I’m having problems locating it but, I’d like
    to send you an email. I’ve got some ideas for your blog you
    might be interested in hearing. Either way,
    great site and I look forward to seeing it
    develop over time.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.