Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына Отырар ауданының Ақтөбе ауыл округінде орналасқан №501 сайлау учаскесіне 84 жастағы ауыл тұрғыны Палзада Боранбаева асыға жетіп, өз дауысын берді.
«Елімізде 7 жылда қомақты мәселе тұр. Оның бәрін шешу оңай емес, қыруар шаруа. Көп нәрсе күттірмейді. Осыған байланысты оны шешетін білікті адам керек. Жан-жақты, өз сөзінде тұратындай. Қарасаңыз, 7 жыл көп сияқты, бірақ ә дегенше өте шығады. Халықаралық жағдайды өзіміз көріп отырмыз. Дүрбелең оқиғалар аз емес. Соған байланысты бізге мықты қайраткер керек. Елімізді алға алып кететіндей» — дейді кейуана.
«ANYQ.KZ»—ақпарат.