Түркістан облысы: Бәйдібек ауданының шаруалары жаңбырлатып суғару әдісіне көшіп жатыр

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды көктемгі дала жұмыстарын сапалы атқару, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды қолдану жөнінде тапсырма берген болатын. Бұл бағытта өңірдегі аудандарда ауқымды жұмыс атқарылып келеді.

Бәйдібек ауданындағы шаруа қожалықтар жаңбырлатып суғару әдісін қолға алуда. АҚШ-тың «Valley» жаңбырлатып суғару қондырғыларын Бәйдібек ауданында алғашқылардың бірі болып өткен жылы «Еrnur корпорация» ЖШС орнатты. Аталған шаруашылық 95 гектар алқаптың 50 гектарына жергілікті жоңышқа, 20 гектарына арпа, 20 гектарына бидай және 5 гектарына «Сорго» жүгерісін егіп, мол өнім алған. Аталған жұмыстар биыл да жалғасын табуда.

Биыл аудандағы «Елнұр-Ғ» ЖШС жоба құны 145,3 миллион теңгеге Көктерек ауылдық окуругі аумағындағы 95,0 гектарға жаңбырлатып суғару қондырғысын орнатып, арнайы ұңғыма қазып, егістік алқабын суғаруда. Сондай-ақ Алғабас ауылдық округінен «Customs Logistics Services» ЖШС 146 гектар егістік алқапқа күндік мөлшері 12 гектар жерді суғаруға болатын «FENGLIAN» JP 75-400 барабанды түрдегі суғару технологиясын қолдануға арналған қондырғысын орнатты.

Жоба құны 18 миллион 900 мың теңгені құрайды. Көктерек ауылдық округінен «Махмут-М» ӨК және «Мұрсалы» ШҚ жалпы аумағы 200 гектар жерге жоба құны 160 миллион теңгеге DYP-388 жаңбырлатып суғару технологиясын іске қосты.

Жаңбырлатып суғару тәсілінде жалпы суғару нормасын қажетінше реттеуге мүмкіндік туады. Тек топырақ ылғалданып қоймай, танапқа жанасқан ауа қабатының ылғалы артып, өсімдіктерге тиімді микроклимат пайда болады. Танапты мұқият тегістеу қажеттілігі болмайды. Сумен араластырып, тыңайтқыштар мен әртүрлі дәрілерді беруге болады.

Жалпы, Бәйдібек ауданында қазіргі таңда жаңбырлатып суару құрылғысын алуға қызығушылық танытып жатқан шаруашылықтар саны артуда. Бүгінде аталған техниканы алу үшін 2 шарушалық құжаттарын әзірлеп жатыр.

Жалпы, жаңбырлатып суғару дегеніміз не?

Жаңбырлатып суғару – бұл ауыл шаруашылығы жерлерін суғарудың ескі технологиясы. Оның артықшылығы – табиғи жаңбыр суына барынша жақындығы. Сонымен қатар, технология ауаны ылғалдандыруды қамтамасыз етеді. Мысалы қияр мен қырыққабатты суаруға таптырмас шешім. Сондай-ақ, әдіс өсімдіктерді шаңнан тазартады. Бұл фотосинтездің қалыпты жүруіне және тез өсуіне ықпал етеді.

Жаңбырлату әдісімен суғару шашыратқыштармен жабдықталған арнайы машиналардың көмегімен жүзеге асырылады – олар судың жақын және алыс қашықтықтарға біркелкі шашырауын қамтамасыз етеді. Бірақ бұл әдіс таңертең жүргізілуі керек. Себебі жаңбырлатып суару әдісімен өсімдікті күндіз суаратын болса, оның жапырақтарға түсетін тамшылар күйікке әкелуі мүмкін. Ал егер кешкі уақытта суарған жағдайда жапырақтардағы ылғал түнге дейін буланып үлгермей, бұл өз кезегінде шірікке әкелуі мүмкін.

Бақшаны суарудың қай жүйесі тиімді екенін нақты айту мүмкін емес. Олардың әрқайсысы ерекше жағдайларда және дұрыс жабдықты таңдағанда тиімді болады.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.