Түркістан облысы: Арыс қаласында мал шаруашылығына маманданған Алексей тұрады

Биыл Арыс қаласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 6135-ке жетіп отыр. Олардың ішінде мемлекет қолдауына ие болып, қайтарымсыз грант арқылы кәсібін дөңгелетіп отырғандар саны жыл санап көбейіп келеді.

Соның бірі – Арыс қаласының тұрғыны Алексей Радивил. Ол өткен жылы Арыс қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, «Бизнес бастау» оқуын оқуып, мемлекеттік грантқа қатысу үшін «Ет бағытында бордақылау кәсібі» ісі бойынша бизнес жоспарын ұсынып, жобаны комиссия мүшелерінің алдында сәтті қорғап шыққан.

Нәтижесінде 400 АЕК (1 225 200) көлемінде грантқа қол жеткізіп, қаражатқа төрт бас бұқа сатып алған. Оның үшеуі – қазақтың етті ақбас сиыры.

«Әкем бала кезімде мал бордақылаумен айналысты. Ғаламторды ақтарып, мүйізді ірі қараның толайым табысқа жетелейтініне көзім жетті. Қалалық жұмыспен қамту бөліміне құжат өткізіп, грант жеңіп алдым. Алдағы уақытта ірі кәсіпкерлердің тыныс-тіршілігінен көріп-білгенімді өз кәсібімде қайталап көрмек ойым бар», — дейді 21 жастағы Алексей Радивил.

Жас фермердің айтуынша, қара малдың ішінде оңдысы да, қоңдысы да қазақтың төл малы – ақбас сиыр. Бір жастан асқан бұқашығы 200-215 кг ет береді екен.

Қазақша еркін сөйлейтін Алексей анасы және інісімен бірге отбасылық кәсіпті жандандырып, алдағы уақытта сүтті бағытта да шаруашылықты дамытуды жоспарлап отыр.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.