Түркістан облысы: Шардара ауданында 60 мың гектарға жуық жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілмек

Шардара ауданында биыл 57 800 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, күздік бидай – 1100 гектар, жаздық арпа – 1500 гектар, күріш – 1200 гектар, дәндік жүгері – 3560 гектар, маш – 670 гектар, мақта – 11200 гектар, ескі жоңышқа – 20010 гектар, жаңа жоңышқа – 4100 гектар, сүрлемдік жүгері – 4250 гектар, картоп – 250 гектар, көкөніс – 600 гектар, бақша – 9360 гектар. Бүгінге дейін күздік бидай, жаздық арпа, жаңа жоңышқа мен картоп 100%-ға егілді. Көктемгі егіс жұмыстары жалғасу үстінде.

2023 жылы мақтаның егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4443 гектарға азайтылды. Оның орнына мал азығы және бақша дақылдарын егу көлемі артады.

Ауыл округтері бойынша осы жылғы көктемгі егіске байланысты сор шаю мен ылғалдандыру (сор шаю – 15643 гектар, ылғалдандыру – 20974 гектар) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда Қызылқұм магистралды каналы арқылы (КМК) 20 м3/сек ағын су босатылуда. Сор шаю жұмыстары 100% орындалған. Қалған 20974 гектар егістік алқапқа ылғалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Ағын су жеткізіп беруде мәселелер жоқ.

Ауданда аса қауіпті зиянкестермен күресу үшін ұйымдастыру және үйлестіру жұмыстарын жүргізу мақсатында аудандық штаб құрылды. Аса қауіпті марокко шегірткесі мен басқа зиянкестерге қарсы 2480 гектар өңдеу жұмыстары жоспарлануда.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге биыл ауданға жалпы көлемі 2860,0 тонна жанар-жағармай бөлінді.

Атап өтер жайт, Шардара ауданының барлық жер көлемі 1 287 225 гектарды құрайды. Барлық ауыл шаруашылығы алқаптарының жиынтығы — 199893 гектар, оның ішінде егістік жерлер — 60211 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 56778 гектар, көпжылдық екпе ағаштары — 488 гектар, жайылымдық — 120920 гектар.

Жер санаттары бойынша:

ауыл шаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлері — 199893 гектар;

елді мекендердің жерлері — 9232 гектар;

өнеркәсіп, көлік байланыс,қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер — 2042 гектар;

ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері — 15156 гектар;

орман қорының жерлері — 909325 гектар;

су қорының жерлері — 88446 гектар;

арнайы жер қоры — 63131

өзге жерлер — 19853

Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Шардара ауданда 10 ауылдық округ, 23 ауылдық елді мекен орналасқан.

Шардара ауданы Түркістан облысының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Оның солтүстік-батыс бөлігі — Отырар ауданымен, солтүстік бөлігі — Арыс ауданымен, шығыс бөлігі — Сарыағаш ауданымен, батысында — Өзбекстан Республикасымен, оңтүстігінде Шардара су қоймасымен шектеседі. Жерінің басым бөлігі құмды (Қызылқұм), сұр, сортаң топырақты, өзен аңғалары шалғалды-сазды топырақты. Мұнда жусан, селеу, сексеуіл, жантақ, жыңғыл, баялыш, Сырдария бойында қамыс, құрақ, тал, жиде өседі.

Климаты айқын континеттік. Қызылқұм құмдары аудан көлемінің көп бөлігін алып жатыр (85%-ке жауық). Жыл бойына қаракөл қойларына, түйелерге, жылқыларға жақсы жайылым болып табылады.

Сырдария өзенінің жайылмасы суармалы егін шаруашылығына өте қолайлы, әсіресе, күріш шаруашылығы үшін. Өзен жайылмасы мал шаруашылығы үшін негізгі азық болып табылады.

Аудан аумағы құрғақ, күні ыстық, шөлейтті аймаққа жатады. Жазы өте ыстық, құрғақты, ұзақ мерзімді, қысы қысқа, қар аз жауады және тез еріп кетеді. Климаттың негізгі сипаттамасына жылу ресурстарының және инсоляцияның молдығы жатады. Ауаның орташа температурасы тамыз айында 28º-30º. Жоғары температура кезінде ауаның ылғалдылығы өте төмен болады (17-19%). Қаңтар айында ауаның орташа температурасы 3º-5º болады. Бірақ кей жылдары күннің суықтығы 35º-37º жетеді, сөйтіп жылуды жақсы көретін өсімдіктерге өте зиянды әсер етеді. Әдетте, аязды күндер қазан айының екінші он күндігінле басталып, сәуірдің бірінші он күндігіне дейін жалғасады. Кей кезде үсік түсу мамыр айының басында да кездеседі. Бірақ мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі. Аязсыз күндердің орташа ұзақтығы 186 күнді құрайды. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері — 195-197 мм. Әр жылдары жауын-шашынның мөлшері тұрақсыз болады және көп мөлшерде айнымалы келеді. Жауын-шашынның 87%-і қыс-көктем мезгіліне тура келеді.

Аудан аумағында солтүстіктен соғатын жел басымырақ. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 1,9-дан 2,9 м/сек дейін ауытқуы мүмкін.

Аудан көлемінде 1 су қоймасы бар. Аудан көлемінде ағын су тасымалдау қызметі үшін 5,2 миллиард текше метр су көлемі бекітілген.

Өзендер: Аудан көлемінде 1 өзен бар. Сырдария өзені, ұзындығы 1635 километр. Су қоймадан басталатын Қызылқұм магистральдық каналы Сырдарияның оң жағасы бойынша құнарлы жерлерді суландырады

Бөгендер мен тоғандар:

«Шардара» су қоймасы, сыйымдылығы: 5,2 милиард м3, «Шардара» тоғаны — 5,3 километр, «Арнасай» тоғаны — 2,02 километр.

Ауданның ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы – 199893 гектар. Оның ішінде егістік жерлер – 60211 гектар, оның ішінде суармалы егістік — 56778 гектар, көп жылдық ағашты өсімдіктер — 488 гектар, шабындық жерлер — 1165 гектар, жайылымдық — 120920 гектар.

Шардара ауданы бойынша ірі қара — 53613, қой – ешкі — 202286, жылқы — 13605, түйе 2787 басқа жетті.

Жұртшылық шаруашылық малдарына қызмет көрсететін ветеринариялық-санитарлық мекемелер: ветеринарлық станциялар — 11, ұсақ малдарды шомылдыру орындары — 22, жасанды ұрықтандыру пунктері — 11, биотермиялық шұңқырлар саны — 15.

Ауданда мал азығының негізгі қоры — жайылым оты. Ол жылдық пайдаланылатын жемшөптің 20-35% құрайды. Жайылым отының биологиялық құнарлығы әр жылғы қалыптасқан экологиялық жағдайға байланысты өзгеріп отырады.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылдың 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің, шекті рұхсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығы негізінде, аудан аумағындағы табиғи жайылымдық жерлерді (1070540 га) қажет ететін төрт түлік малдары, қоректік заттарын «Шардара орман және жаруарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесіне» қарасты 909325 гектар орман қоры жайылым жерлерінен келісімшарт негізінде пайдалануда.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.