Түркістан облысы: Келес ауданында ауылдарды дамытуға арналған «Ауыл аманаты» жобасы іске қосылады

Келес ауданында «Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы іске асады. Жобаның мақсаты – ауыл халқын қолдау жөнінде мемлекеттік саясатты іске асырып, халықты жұмыспен қамту мәселесін шешу болып табылады. «Ауыл аманаты» жобасы — ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына таптырмас мүмкіндік. Бұл мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Тиімділігі — жылдық мөлшерлемесі 2,5% құрайтын жеңілдетілген несие. Орташа несие көлемі 5 миллион теңгені құрайды. Ол үшін кәсіпкеркер кепілмен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл туралы түнеугүні Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында Келес аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мадияр Әшірбаев мәлімдеді.

Мадияр Күмісбекұлы өз баяндамасында қаржыландыру бағыттарына тоқталып, ауыл, ауылдық округі әкімдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. «Ауыл – ел аманаты» пилоттық жобасы аясында қаржыландыру бағыттары 8 топқа бөлініп, іске асырылады. Олар кооперация негізінде мал бордақылау алаңдары мен отбасылық сүт фермаларын ашуға, жүнді бағытта қой шаруашылығын дамыту, отбасылық жұмыртқа, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану яғни жылына 2,3 өнім алу жобасы сынды бағыттарға несие берілмек. Өз кезегінде аудан басшысы Жәнібек Есенұлы жобаның тиімділігі бойынша ауылдық елді мекендерде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы жергілікті шаруалардың жағдайын едәуір жақсартуға жұмыс жүргізу керектігін айтып, ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиын барысында аудан аумағындағы санитарлық-тазалық жұмыстары туралы, ауданның 2022 жылғы бюджетінің орындалу барысы туралы мәселелер қаралып, нәтижелері бойынша бөлім басшылары баяндады. Көтерілген өзекті мәселелер назарға алынып, орындалуы бақылауға қойылды.

Жиынға Келес ауданы әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары мен ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері қатысты.

Естеріңізде болса, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында ауылдағы өмір сүру деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударғанын атап өткен-ді. Таяудағы 7 жылда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 1 триллион теңге бөлу көзделген, бұл ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Жобаның негізгі мақсаты – ауылдық елді мекендердегі жұмыссыздық пен атаулы әлеуметтік көмек алушылар санын азайту, сонымен қатар өзін өзі қамтушыларды заңдастыру. Бағдарламаның қалай жүзеге асырылатыны және несиелеудің шарттарына тоқталатын болсақ, ең бірінші кезекте жобаны іске асыруда жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріліп жатқанын айтты.

Несие алу үшін ауыл тұрғындары алдымен ауыл әкімдіктеріне өтінім білдіру қажет. Бұл жобаның ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігі тиеді деген ойдамын. Шартта көрсетілгендей, несие алушы кем дегенде бір жыл сол жергілікті ауылдың тұрғылықты азаматы болуы керек. Оған қоса, міндетті түрде кепілге қоятын жылжымайтын мүлкі болуы шарт. Егер кепіл болмаған жағдайда туыстардың кепілін пайдалануға болады. Бағдарламада уақыт шектеуі жоқ. Аталған жоба 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез-келген мүліктің 60 пайызы бағаланады. Бір жылға дейін демалыс қарастырылған.

Бұл ретте Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы облыс бойынша «Жұмысшы топ» құрамымен бірге барлық аудандарды аралап, бағдарламаның концепциясын құруға, басым бағыттарын таңдауға, несие беру ережесіне қатысады. Нақтырақ айтқанда, палатаның қызметі жобаларды сүйемелдейді, бизнес жоспар дайындап береді, құжаттарды жинақтауға көмек береді.

Несие алушыға ауыл тұрғындарының ауыл шаруашылығы кооперативіне кіруіне кеңес береміз. Неге десеңіз, бұл арзан бағамен жем сатып алуға, жер жыртуға, қоқыс шығаруға, арнайы техникаларды арзан бағамен пайдалануға мүмкіндік береді. Қысқасы, кооперативке бірігудің пайдасы көп. Бірінші кезекте сату мәселесі шешіледі. Мәселен, кооперация мүшесі 8,6 миллион, ал төрағасы 27 миллион теңге ала алады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.