Аудан әкімі Нұрбек Бадырақовтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтіп, онда үш мәселе қаралды.
Бірінші — азаматтарды әскерге шақыру туралы.
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Бақдәулет Ташпулатов баяндама жасап, үстіміздегі жылдың 10 сәуіріне дейін аудандық сараптамадан өткендердің саны мен әскер қатарына жіберілгендердің саны туралы ақпарат ұсынды. Өз кезегінде аудан басшысы бірқатар ауыл әкімдеріне Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүрген жастарды анықтап, қажет болса ата-аналарының басып қосып, тиісті бөліммен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Екінші — көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы.
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Берік Алтынбеков баяндама жасап, бір алқаптан 2-3 рет өнім алу, көктемгі дала жұмыстарына бөлінген жанар-жағармайдың (дизель) ауыл округтер бойынша игерілу, каналдарға жүргізілген механикалық тазалау, марокко шегірткесіне қарсы жүргізілген химиялық өңдеу жұмыстары туралы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Аудан әкімі аталған жұмыстар бойынша бірқатар кемшіліктердің (майлы дақылдарды егу бойынша кейбір ауылдық округтерде жоспар толық орындалмаған, 1 алқаптан 2-3 рет өнім алу жобасы кейбір ауылдық округтерде тиісті деңгейде емес, жанар-жағармайды шаруаларға үйлестірудің механизмі жетілдіруді қажет етеді және т.б.) бар екенін айтып, оларды ретке келтіру бойынша жауапты орынбасарларына, бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Үшінші – «Artsport» жобасының ауданда орындалу барысы туралы.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Нуридин Асанбаев баяндама жасап, ауданда «Artsport» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Өткен жылы ауданда 5 кәсіпкер спорттың 7 түрінен 69 топ құрып, 1200-ден астам бала оларға қатысқан. Биылға 5 кәсіпкер өтінім беріп, спорттық секцияларға қатысатын балалардың санын 1300-ден асыру жоспарланған. Өз кезегінде аудан басшысы аталған жобаның ауданда тиісті деңгейде жүзеге асырылмай жатқанын сынға алды.
— «Artsport» жобасының тиімділіктері, мүмкіндіктері жайлы кәсіпкерлермен кездесіп, кеңінен түсіндірілуі керек. Әр ауылда қанша бала бар, олар спорттың қандай түріне бейім, талдау жасалынуы керек. Артспорт бойынша қай спорт түріне қанша қаражат қаралады, талдап, саралап, кәсіпкерлерге ұсынылуы тиіс, — деді аудан әкімі.
Мәжіліс соңында тиісті аудан әкімінің орынбасарларына, бөлім басшыларына, а/о әкімдеріне нақты тапсырмалар беріліп, әр мәселенің қатаң бақылауда екендігі қатаң ескертілді.
Айта өтейік, Түркістан облысы, Ордбасы ауданында көктемгі дала жұмыстары қызу жүргізілуде. Мәселен, Ордабасы ауданы, Шұбар ауыл округінде орналасқан «Ақ Орда» ЖШС –нің директоры Бекбосын Бахытжан Балтабайұлы 2019 жылдан бастап жылына 2 рет бақша, картоп дақылдарын егуді қолға алған болатын. 2019 жылы ерте көктемде Голландиялық «Ривьера» картобын 40 га жерге егіп, 240 центнерден өнім жинады. Қарамағында 100 адамды жалдамалы түрде жұмыспен қамтып отыр. Биыл диханшы 33 гектар суармалы жерге картоп егіп – 1300 тонна ерте көктемгі картоп бірінші өнімін алып, екінші өнімге баклажан және капуста егу жоспарда.
Сонымен қатар, Бахытжан Балтабайұлы 100 гектар жерге бидай өнімін егуде, алдағы уақытта бидайдан жоспармен 1800 тонна өнім алатыны айтып өтті.
Егістік жерлерді тиімді пайдалану екі өнім алу бағытында жоспарға сәйкес, аудан бойынша жалпы 90 шаруашылықтың игеруі тиіс — 171,9 гектар егістік алқаптың нақты — 189,5 гектарға шаруашылықтардың 1 дақылдары орналастырылды.
Көктемгі дала жұмыстары Ордабасы ауданында биыл жылдағыдан кешеуілдеп басталды. Елімізде ғана емес, дүние жүзіндегі орын алған төтенше жағдайға байланысты және қолайсыз ауа райы шаруаларға қолбайлау емес. Қазіргі уақытта қырда егін егу қарқын алуда.
«Жеріңді баптай білсең – астықты қаптай білесің» демекші, Ордабасы ауданының диқандары да бұл іске қызу кірісіп, көктемнің бір күнін жылға азық ету жолында бар күшін салып еңбектенуде.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.