Түркістан облысы: Келес ауданының әкімі ауылдардың өзекті мәселелерді басына барып көрді

Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев аудан аумағындағы қордаланған мәселелерді шешу мақсатында елді мекендерге баруда. Аудан басшысы аудан әкімінің орынбасарлары және дербес бөлім басшыларымен бірге Ошақты ауылдық округінің елді мекендерін аралады.

Алдымен Ошақты елді мекеніндегі №46 Абай атындағы жалпы орта мектепке қосымша 300 орындық оқу корпусы, асхана, спрот зал құрылысымен танысқан аудан әкімі жұмыстың барысын сынға алды. Құрылыс жұмыстарын ширатуға, құрылысты сапалы атқаруға тапсырма берді. Тиісті бөлім басшысына бақылауды күшейтуді айтты.

Аудан әкімі Қоңыртөбе елді мекенінің тұсындағы каналдың жағдайымен танысып, өткір бұрышқа соқтығысып, жар пайда етіп жатқан аймақты реттеу бойынша қажетті шараларды атқаруға тапсырма берді. Сонымен қатар апатты жағдайдағы көпірлердің жайын көріп, шұғыл шара қабылдап, мәселені шешуді айтты.

Үйіне баратын жолға тас төсеп беруін сұраған тұрғынның мәселесін көріп, жоспарлы жұмыстардың қатарына қосты. Сондай-ақ ағын су мәселесінде уақыт күттірмейтін мәселелерді шешу бағытында тапсырмалар жүктеді.

Бақышсай, Атақоныс және Жиделі елді мекендерінде болған аудан әкімі ауылдардың өзекті мәселелеріне зерделеу жүргізді. Көгалдандыру бағытында атқарылған жұмыстарды қатаң сынап, жергілікті климатқа ыңғайлы көшеттерді отырғызуды тапсырды.

Жалпы Ошақты ауылдық округіндегі күрделі мәселелерді басына барып көрген аудан басшысы арнайы кесте бекітіп, орындалуын бақылауына алатынын жеткізді.

Орайы келгенде айта өтейік, бірер күн алдын Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев дербес бөлім басшыларымен бірге микроавтобустарға мініп, ауданға қарасты елді мекендерді аралады. Шалғайда шағын орналасқан ауылдардың мәселелерін көзбен көріп, шешу жолын жергілікті тұрғындардың қатысуымен талқылады. Аудан әкімі бастаған бөлім басшылары алдымен Біртілек ауылдық округінің орталығында болып, ондағы қордаланған мәселелермен танысты. Жергілікті әкімдіктің мамандарымен пікір алмасып, тұрғындармен қарым-қатынас, мәселерді шешу бағытындағы ойларын тыңдады. Жергіліктітұрғындардыңтұрмысын жақсартуға арналған 10 жоба дайындап, ұсынуын тапсырды.

— Мемлекеттік қызметшінің басты мақсаты тұрғындарға сапалы қызмет жасау, сонымен қатар жергілікті халықтың тұрмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын жасақтау болып табылады. Жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында нақты жобаларды әзірлеуде сіздердің бастамаларыңыз маңызды рөл атқарады. Күнім өтсе, айлығым жүрсе деген ойдан арылуымыз қажет. Президентіміз, облыс басшысы біз жергіліктіатқарушы органның өкілдеріне осы бағытта жұмыс жүргізуді тапсырып отыр. Нақты межеге бірлессек жетеміз. Сол кезде атқарған жұмыстарымыз нәтиже көрсетіп, көптің ықыласын аламыз, — деді Жәнібек Есенұлы.

Тұрғындар сұранысы негізінде биыл Біртілек елді мекенінде 300 орындық жаңа мектептің құрылысы басталмақ. Аталған білім нысаны «Жайлы мектеп» бағдарламасы негізінде жүзеге аспақ. Сонымен қатар мәдениет нысанының құрылысы жүргізілуі жоспарлануда. Онда көптеген үйірмелер шоғырланып, ауыл оқушыларына қызмет көрсетпек. Аудан басшысы орталық елді мекеннің инфрақұрылым жүйелерін жаңарту, тозығы жеткен көшелерді орта жөндеуден өткізу, әлеуметтік нысандар орналасқан көшелерге түнгі жарық шамдары мен аяқ жолдар салу бойынша тиісті тапсырмаларды жүктеді.

Аудан аумағын аралау сапары Алпамыс батыр, Ұшқын және Қошқарата ауылдық округтерінде жалғасып, елді мекендердің өзекті мәселелерімен танысты. Ауылдарды дамытудың жоспары түзіліп, тиісті шешімдер қабылданды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.