Түркістан облысы: «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы Шардара ауданында өз деңгейінде атқарылып жатыр

Түркістан облысында қазіргі таңда ауыл тұрғындарының тұрмысын арттыру бағытында «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы жүзеге асырылу үстінде. Жоба аясында әдепкіде 11,0 миллиард теңге қаржы қаралып, облыс бойынша 32 ауылдық округ таңдалған болатын.

Осыған орай, «Ауыл аманаты» тұрғындардың табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаcына Шардара ауданынан Қ.Тұрысбеков және Алатау батыр ауыл округтері енгізілген болатын. Аталған ауылдық округтерінде скринингтік зерттеу және бірнеше рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, дамытудың негізгі бағыттары (Қ.Тұрысбеков ауыл округінде — балық шаруашылығын дамыту, Алатау батыр ауыл округінде — мал шаруашылығын дамыту) айқындалып, «біздерде мынадай бар, мынадай бар» дейтіндей іс-шаралар атқарылды. Бұл туралы Шардара аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі егжей-тегжей мағлұмат беріп отыр.

Сонымен… «Ауыл аманаты» тұрғындардың табысын арттыру жөніндегі пилоттық жобаcын толыққанды түсіндіру үшін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен бірнеше рет (2023 жылдың 31 қаңтарында — Шымкент қаласында, 9 ақпан күні — Түркістан қаласында) пилоттық жобаға ұсынылған ауыл округі әкімдерінің қатысуымен мәжілістер өткізіліп, тиісті тапсырмалар алынды. Мәжілістерде әр ауданның даму әлеуетіне қарай негізгі басым бағыттарды айқындап, кооперация құрудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес облыс әкімдігі тарапынан арнайы құрылған жұмыс тобы бекіткен кестеге сәйкес бағдарламаның тиімді жақтары бойынша кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, селекторлық режимде, «Zoom» режимі арқылы облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен өткізілген жиындарда жобаның атқарылуы барысы нақты баяндалды.

Ауылдық округтерде аудан әкімінің орынбасары А.Таженовтың төрағалығымен бірнеше рет пилоттық жобаның маңыздылығы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хаттамалар түзілді. Аудандық БАҚ-тарда, «Фейсбук», «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде мақалалар жарияланды. Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Қ.Тұрысбеков және Алатау батыр ауыл округтерінде тұрғындармен кездескен облыс әкімдігі тарапынан құрылған жұмыс тобының мүшелері пилоттық жоба бойынша айқындалған басым бағыттар бойынша несиелендірудің барысы туралы айтып, тиісті түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдап, қолдайтындықтарын жеткізді.

Жалпы алғанда, бағдарламаға Түркістан өңірінен 2500 азамат қатыса алады. Аталған жоба ауылдық жерлерде жаңа жұмыс орындарын құруға, мал мен құстың санын көбейтуге, шағын кәсіпкерлікті ашу арқылы халықтың табысын арттыруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылады. Өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары мен ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау және тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндігі бар.

Бағдарламаға қатысып, несие алу үшін, өңір тұрғындары ауыл әкімдіктеріне өтінім береді. Несие алатындар зейнет жасынан аспауы қажет. Сондай-ақ кәсіпті ашу үшін оқыту жұмыстары да тегін жүргізіледі. Егер де несиесін толық жауып, кәсібін дамытатын болса, жеңілдетілген несиеге қайта қол жеткізе алады.

Жоба аясында жеке қосалқы шаруашылық пен жеке кәсіпкерлер үшін 8 625 000 теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері үшін 27 600 000 теңгеге дейін несие беріледі. Микрокредит мерзімі – 5 жыл, ал, мал шаруашылығы жобаларына 7 жылға дейін беріледі. Жылжымайтын кез келген мүліктің 70 пайызы бағаланады. Несиені өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі – 12 айға дейін.

Жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен жыл басында 11 млрд. теңге, наурыз айында республикалық бюджетті нақтылауда қосымша 8,9 млрд. теңге қарастырылып, жалпы 19,8 млрд. теңге бөлінді. Облыс бойынша негізгі 6 бағытты қаржыландыру көзделуде. Нәтижесінде 3 220 бірлік жобаға қолдау көрсетіліп, кемінде 3413 бірлік жаңа жұмыс орындары құрылады. Несие қаржысын таратушы ретінде сенім білдірген өкіл «Түркістан ӘКК» АҚ-ы белгіленді. Өтінім қабылдау «Түркістан ӘКК» АҚ-ы еншілес мекемесі «Ырыс» ШНҰ» ЖШС арқылы жүргізілуде.

Жобаны іске асыруда өңірде жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтер негізінде дамытуға басымдылық беріледі. Пилоттық жобаны жүзеге асыруға барлық ауылдық округтерде скрининг жұмыстары жүргізіліп, бірінші кезекте (11 млрд. теңгеге) жобаға қатысатын 16 ауданнан 32 ауылдық округі анықталды. 44 кооператив анықталып, әлеуетті несие алушылардың тізімі жасақталды. Кооперативтердегі мүшелер саны – 3406 адам. Бүгінгі күні 425 жоба қабылданып, 1,1 млрд. теңгеге 236 жоба мақұлданып, қаржыландыру жұмыстары жүргізілуде.

Талдауға сәйкес 90 пайыз өтінімдер мал шаруашылығы саласын дамыту бағыттында өткізілген немесе 425 жобадан 380 жоба мал шаруашылығы, 40 жоба егін шаруашылығы, 5 жоба балық шаруашылығын дамытуға бағытталып отыр.

Бүкіл Қазақстан бойынша Үкімет AMANAT партиясымен бірлесіп, ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға және проблемаларын жедел шешуге мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасына жол ашты берді. Оны Қазақстанда бірінші болып Ақтөбе облысы іске асыра бастады, ал 2019 жылы ол Жамбыл облысында пилоттық режимде сәтті іске асырылды. Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджетте 52,4 млрд. теңге (11 мыңнан астам шағын несие) көзделген. Бұл ретте әкімдіктер қазіргі уақытта қаражатқа қосымша қажеттілікті анықтау үшін ауылдық округтерге скрининг жүргізеді.

AMANAT партиясы жанынан азаматтар мен әкімдерді әдіснамалық сүйемелдеуді, оқытуды, өтінімдерді қабылдау және қаражатты бөлу процесінің мониторингін қамтамасыз ететін жобалық кеңсе ашылды.

Осы жоба бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жылды құрайды, бұл ретте мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл кезең көзделген. Максималды сома – 2,5 мыңнан 8 мыңға дейін (зәкірлік кооперация) АЕК, номиналды сыйақы мөлшерлемесі — жылдық 2,5%-дан аспайды.

Қаражатты ала алады: ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер; зейнеткерлік жасқа толмаған қысқартылатын жұмыскерлер; ЖК ретінде тіркеусіз тауарларды өндіру немесе өткізу, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жөніндегі қызметті дербес жүзеге асыратын тұлғалар (оның ішінде әрекетсіз ЖК); отбасылық кәсіпкерлікте ақы төленбейтін қызметті жүзеге асыратын тұлғалар; ЖК-да өнім өндіретін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен сату немесе айырбастау үшін жеке қосалқы шаруашылықтың мүшелері; табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен өндірістік кооперативтердің мүшелері.

«Бұл біздің ауылдарды көтеруге мүмкіндік беретін нақты қадамдар. Жобаны пилоттық іске қосу қорытындысы бойынша Жамбыл облысының 11 ауылдық округінде ауылдардағы орташа айлық табыс 1,7 есе өсті, атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 3 есе азайды, жұмыссыздық деңгейі 36% — ға төмендеді. AMANAT партиясы мен үкіметтің міндеті — «Ауыл аманаты» жобасын бүкіл елге масштабтау. Жобаның барлық артықшылықтары туралы халықты дұрыс ақпараттандыру маңызды», — деп атап өткен-ді AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов.

Ол Ақтөбе облысында «Ауыл аманаты» жобасын іске асыру бойынша тиімді шаралар қабылданып жатқанын атап өтті.

«Біздің облыс бүгінде президенттің ауылдық аумақтарды дамыту туралы тапсырмасын орындауға дайын, соның арқасында «Ауыл аманатына» дайындық кезінде әрбір ауылдық округке скрининг жүргізілді, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың нақты саны, әрбір отбасының табысы, халықты сапалы және қолжетімді азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін дамыту қажет өндірістер анықталды», — деді өңір әкімі Ералы Тоғжанов.

Өңір әкімдігі бойынша бірінші кезеңде өңірдің 24 ауылдық округінде 2700-ден астам жоба іске асырылатын болады. Осы мақсатқа 3 млрд. теңге бөлінді. Жобаның ерекшелігі ақшалай, тауарлық несие беру болып табылады. Атап айтқанда, 27 ірі шаруа қожалығы есебінен ауыл тұрғындарына 6 мың бас мал беру жоспарлануда. Қарызды ауыл тұрғындары алған төлдерімен қайтарады. Бүгінгі таңда 42 жеке қосалқы шаруашылыққа 650 бас мал берілді.

«Ауыл аманаты» аясында құс шаруашылығына ерекше көңіл бөлінуде. 2100-ден астам жоба ауыл шаруашылығы қызметінің осы түрімен байланысты.

«Ауыл аманаты» — өте жақсы бағдарлама, өйткені 2,5 пайызбен, бірінші жылға арналған демалыспен және ауылдық жылжымайтын мүлік кепілімен бірде-бір қаржы ұйымы қарыз бермейді. Біз бәріміз бұл идеяны қолдауға дайынбыз. Өйткені, жергілікті сапалы ауыл шаруашылығы өнімі – Ұлт денсаулығы!», — дейді кәсіпкерлер.

Таяудағы 7 жылда ауыл тұрғындарының табысын арттыруға 1 трлн. теңге бөлу көзделген, бұл ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «Ауыл аманаты» жобасы елімізде 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.