Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Тегісшіл ауылдық округіне қарасты Мәдениет елді мекеніне арнайы барып, Сарыүйсін каналының жағдайымен танысты.
Айта кетсек, аудандық коммуналдық меншіктегі Кескен магистральды каналының жалпы ұзындығы 12,0 шақырымды құрайды. Аталған канал күрделі жөндеуден өтпеуіне байланысты және техникалық нашарлығы себебінен су өткізу қабілеті төмендеп кеткен. Осыған байланысты Кескен магистральдық каналынан тармақтанып шығатын Құркелес және Тегісшіл ауылдық округіндегі Сарыүйсін каналына су келмей жатыр. Каналға іргелес орналасқан 1216 гектар егістік жер көлеміне ағын су келмеуіне байланысты егіншілікпен айналысатын тұрғындарға қиындық тудыруда.
Тұрғындардың мәселесін тыңдап, каналдың жағдайымен танысқан аудан әкімі:
— Ауыл тұрғындары негізінен егіншілікпен айналысатын болғандықтан, елді мекенге ағын су жеткізу өте маңызды. Мен қолда бар көмекті көрсетуге әрқашан дайынмын, — деді.
Келесі кезекте аудан әкімі Шошым каналының жай-күйімен танысуға арнайы барды. Каналдың жағдайымен танысқан Арман Абдуллаев табиғи фильтрация арқылы сызаттап жатқан суларды канал бойында орналасқан қашыртқыларды механикалық тазалау арқылы сызат суының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуді тапсырды.
Шындығында да, су шаруашылығы — еліміздегі әлі күнге шешімін таппай келе жатқан түйткілді мәселелердің қатарында. Бұған бірнеше себеп бар деп тұжырымдауға болады. Әуелі Су шаруашылығы министрлігін таратып жіберіп, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қосты. Кейін де бірнеше ведомствоны аралап, қазір Экология, геология және табиғи ресурстары министрлігі құрамына тұрақтады.
Екінші елеулі фактор – каналдар, су нысандары және ішкі су жүйелері суға қатысы жоқ мекемелер мен жеке адамдарға беріле бастады. Олар айналасы екі-үш жылда істі аяқсыз тастап кетті. Қираған су ғимараттары, ұйық басқан каналдар мен су қашыртқылары, қамыс басқан, істен шыққан суармалы жерлер «мұраға» қалды. Аудан, облыс және республика деңгейіндегі суға қатысы бар басшылар бірінен соң бірі ауысты. Тек Түркістан облысының өзінде соңғы 16 жылда 6 басшылық ауысыпты. Сондай-ақ елімізде су мамандарын даярлайтын бірде-бір оқу орнының болмауы да істі тұралатып тұр.
Ағын су бойынша Қазақстан көп елдерге тәуелді: шығыста – Қытайға, батыста – Ресейге, оңтүстікте Қырғызстан мен Өзбекстанға. Мақалада басты назар аударған мәселеміз – оңтүстіктегі су проблемасы. Бізге ағын су Ташкент облысында орналасқан Шарбақ су қоймасынан Шыршық өзені арқылы жетеді. Қазығұрт, Сарыағаш, Келестегі суармалы жерлер Үлкен Келес, Зах, Ханым, СТК және ВТК деп аталатын бес канал арқылы келеді. Кеңес заманының өзінде Өзбекстаннан су алу процесі дүрбелеңге толы болушы еді.
XX ғасырдың 70-жылдарында Мәскеу тапсырмасымен Ғазалкент (қазіргі Үлкен Келес) каналын салу үшін Ташкент облысынан 432 гектар жер бөлініп, оның 230 гектары тұрақты болып бекіді. Канал екі кезектен тұрды. Бірінші кезекте Қазығұрт ауданының 9500, Сарыағаш ауданының 8 мың гектар жерін суландырумен қатар, Ханым каналындағы 7500 ескі суармалы жерлеріне су құбыры арқылы ағын суды жеткізіп беру көзделген. Алайда түрлі себеппен Ханымға су құбыры жеткізілмеді. Екінші кезекте Үлкен Келес каналы арқылы сыйымдылығы 300 млн текше метр болатын Дарбаза су қоймасын салып, Сарыағаш пен Келес ауданының 30 мың гектар жері игерілуі тиіс еді. Бұл жұмыс та орындалған жоқ. Қазақстан суымызды алып қояды деп Өзбекстан жағы наразылық танытты. Сөйтіп олар Шыршық өзенінің сол жағалауынан Паркент каналын салып, Шарбақ су қоймасынан келетін суды бөліп жіберді. 1985 жылы да су бермейміз деп Бостандық ауданының бірінші хатшысы Юрий Хайдуров каналымыздың суын жауып тастады. 1986 жылы көктемде Ташоблводхозға суға сұраныс беріп, Узминэнергия арқылы каналға су жібердік. Артынша Хайдуров каналды тағы да жауып тастап, мәселеге Мәскеу араласты. 1987 жылы Мәскеу үш республиканың суын реттеу мақсатында Ташкент қаласынан «Сырдария» мекемесін ашты. Ал еңбегі бағаланған Хайдуров Жизақ облысының бірінші хатшылығына көтерілген еді. Қысқасы, сол кездегі су дауы әлі күнге жалғасып келе жатыр.
Тәуелсіздік алған соң да жағдай жақсарып кете қойған жоқ. Ал келешекте көршімізден тіршілік нәрін алу тіпті қиындай түсетін сияқты. Себебі жыл сайын Қазақстан жағымен келіспей, каналдардағы суды қысқартып тастайды немесе түрлі себеп тауып бірнеше күнге жауып тастайды. Тәуелділіктен толық болмаса да ішінара арылып, өз еңсемізді көтеру үшін бізге су шаруашылығымызды ретке келтіруге тура келмек. Бұл үшін не істеу керек? Алдымен Су шаруашылығы министрлігі құрылғаны абзал. Сөйтіп, ел аумағындағы ағын су мен ауыз су, өзендер мен көлдер, басқа да су көздері осы министрліктің бақылауына алынуы тиіс. Одан соң жоғары оқу орындарында су мамандарын даярлайтын факультет ашу да өте өзекті. Бізде қазір су мамандары жетіспейді. Көптеген қызметкердің жасы зейнет жасына таяп қалған, ал біразы зейнетке шықса да жұмыс істеуге мәжбүр. Соған қарамастан жалақы — өте төмен деңгейде. Ал аудан мен облыс басшылары су шаруашылығы дейтін шаруашылықтың бар екенін тіпті ұмытып кеткен бе дерсің. 2016 жылдан бері осы салада істейтін бірде бір маман мемлекеттік марапатқа ұсынылмаған. Су шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын өсіріп, оларды түрлі мемлекеттік марапаттарға ұсынып отыру да сала қызметкерлерін ынталандыратыны сөзсіз.
Мемлекетаралық деңгейде шешімін табуы керек іргелі жұмыс ретінде төрт мемлекеттің – Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның өзара келісімшарт жасасуын айтар едім. Өйткені Сырдария өзенін пайдалануды біз немесе олар ғана шеше салмайды. Оған төрт мемлекет тең дәрежеде араласқаны жөн. Сонымен қатар Қазақстанға баратын каналдардың суын бақылап отыру мақсатында Ташкенттегі БВО «Сырдария» мекемесіне және Қазақстан елшілігіне мамандарымызды орналастыру да тиімді болар еді.
Ерекше атап айтарлық тағы бір мәселе – каналдарды бетонмен қаптау жайы. Каналдардың көп бөлігінің бетонмен қапталмауы салдарынан судың 30-35 пайызы жерге сіңіп кетіп жатыр. Бұл шамамен – миллиардтаған текше метр су. Ал егер каналдар бетонмен қапталса онда үнемделген судың өзімен-ақ мыңдаған гектар суармалы жерді ашуға болады. Дәл қазір Мақтаарал ауданындағы Достық, Шардара ауданындағы Қызылқұм, Арыс-Түркістан және Үлкен Келес каналдары бетон жабындысына мұқтаж болып тұр.
Су шаруашылығы саласының мамандары ауыз су мәселесіне байланысты Өгем өзенінің суын бұру керек деп есептейді. Бұл мәселе 2000 жылдан бері көтеріліп келе жатқанын байқап жүрміз. «Мысалы, Өгем өзенінің суын бұру нәтижесінде халыққа таза ауыз су ұсынуға болады. Өгеммен қоса, Келес өзенін де бұрар болсақ, онда тынысымыз әжептәуір кеңіп қалушы еді. Егер бұл ой жүзеге асса, онда Дарбаза су қоймасы салынып, жаңа жерлер игеріледі. Судың келуі жаңа елді мекендердің пайда болуына ықпал етіп, он мыңдаған адамды жұмыспен қамтасыз етпек. Сондай-ақ республика көкөніс тапшылығын ұмытып, мыңдаған гектар жылыжай салу мүмкіндігі туады. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын көтеріп қана қоймай, агроөндірісті дамытуға да серпін бермек» — дейді ғалымдар.
Бұдан бөлек Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округіндегі К-25-16 каналының сын көтермес жағдайы да көптен бері айтылып келеді. Жалпы ұзындығы 5 шақырымға жуық канал 810 гектардай егістік алқабына ағын су жеткізеді. Осыдан бес-алты жыл бұрын каналды жөндеу жұмыстарына 49 миллион теңге қаржы қаралған. Алайда жөндеу жұмыстары сапасыз жүргізілген. Су өткізу деңгейі өте төмен. «Қазсушар» мекемесі қойып берген құбыр тесіліп, су сыртқа ағып жатыр. Шаруалар су ақысын төлесе де, егістік алқаптарын насоспен суаруға мәжбүр. Алайда оған да жетпейтіндіктен су сорғыларын кезекпен қосады екен. Аудандық мәслихат депутаты Қаршыға Ақтөреева шаруалардың жанайқайын төрт-бес жылдан бері көтеріп жүргенімен, билік тарапынан құлақ асқан жан болмапты. Сондықтан диқандар жыл сайын бірігіп, өз қаржылары есебінен каналды шама-шарықтарынша тазалап, егістік алқаптарын суарып келген. Бұл мәселенің шешімін табуына жуырда шаруалармен кездескен аудан әкімі Серік Мамытов ықпал етпек. Аудан әкімі жауапты сала мамандарына аталған проблеманы қысқа мерзімде шешуді тапсырып, нәтижесін өз бақылауына алатынын айтқан. Облыстағы егіс алқаптарын ағын сумен қамту мәселесіне қатысты кезекті рет жауапты басшылардың басын қосқан облыс әкімі Дархан Сатыбалды шаруаларды ағын сумен қамтуды жүйелеп, тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Өңірде биыл 860 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Оның ішінде суармалы жер көлемі – 552 мың гектар. Өңірдегі жалпы суармалы жердің 30%-ы облыстың оңтүстік бөлігі Жетісай, Мақтаарал аудандарына тиесілі. Осы аумақтағы суармалы жерлердің барлығы Өзбекстан Республикасынан келетін трансшекаралық «Достық» магистралды каналы арқылы сумен қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күні сұранысқа сай шаруаларға қажетті суды жеткізу үшін машиналық канал іске қосылып, қосымша қажетті су жеткізілуде. Сонымен қатар облыстың Шардара, Отырар аудандары мен Арыс қаласындағы 75 мың гектар суармалы жерлерге шаруалардың сұранысына сәйкес «Қызылқұм» магистралды каналы арқылы секундына 50 текше метр ағын су босатылып отыр. Қажеттілік толықтай қамтамасыз етілген.
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында су нысандарының экожүйесін сақтап, оны үнемді пайдалану үшін аса маңызды каналдар қайта жаңғыртылатыны туралы айтқан болатын. Мемлекет басшысы сонымен бірге жаңа технологиялар мен цифрландыру арқылы суды үнемдеуге көшіруді тапсырды. Бұл ретте осы су нысандарын жергілікті деңгейде тиімді пайдалану арқылы Ордабасы, Отырар, Бәйдібек, Сауран аудандары мен Арыс, Кентау қалаларының 80 мың гектарға жуық суармалы жерін және Түркістан қаласын көгалдандыру жұмыстарын ағын сумен уақтылы қамтамасыз етуге мүмкіндік беріліп отыр. Еліміздегі суармалы алқаптардың 4/1 бөлігі Түркістан облысына тиесілі. Сондықтан ағын су мәселесі өте өзекті және тұрақты назарда», — деген-ді Дархан Сатыбалды.
Бүгінде өңірде шаруалардың суды қажеттіліктен артық пайдалануына, ағын су ысырабына жол бермеу және су беру тәртібін реттеу үшін нақты тариф бекітілген. Шаруаларға ағын суды тек қажеттіліктеріне сәйкес бөлу тәртібі енгізілген. Сонымен қатар су шығынын үнемдеу мақсатында «Түркістан» магистралды каналының бір бөлігін темір бетонмен қаптау жұмыстары аяқталып, барлық шлюздардағы су өлшегіштер есепке алынған. Су балансын сақтау жұмыстары бір жүйеге келтірілген. Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, «Шардара» су қоймасы мен «Көксарай» су реттегішінде, «Қосқарған» және «Кеңсай-Қосқарған-2» су қоймаларында су жеткілікті. Өңірдегі су тапшылығы мәселесін шешу үшін бірқатар су нысандарының жобалары әзірленуде. «Бәйдібек ата» су қоймасы салынғанда суару маусымында «Бөген» су қоймасына 68 млн текше метр, сондай-ақ аталмыш су қоймасына «Боралдай» су қоймасы жобасы нәтижесінде суару маусымында 65 млн текше метр ағын су қосымша жеткізіледі. Екі қойманы салу есебінен алдағы жылдары Түркістан өңірі кепілді ағын сумен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, су нысандарын қалпына келтіру, мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында, облыс әкімінің тапсырмасымен 15 су нысанын күрделі жөндеу, 5 нысанды ағымдағы жөндеу жұмыстарына облыстық бюджеттен 3,7 млрд теңге қаржы бөлінді. Нәтижесінде 63 шақырым канал күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіліп, 11,2 мың гектар жердің сумен қамтамасыз етілуі жақсарады. Ал «Тұран су» ШЖҚ МКК өз қаржысы есебінен биыл Ордабасы, Сауран аудандары мен Арыс қаласында жоспарланған 230 шақырым каналдарға механикалық тазалау жұмыстарының бүгінде 72 шақырымы атқарылған. Тозығы жеткен су нысандарын қалпына келтіру жұмыстарын жандандыру мақсатында Сайрам ауданында төтенше жағдай қаупі бар «Ақбай қарасу» каналын, Шардара ауданында каналдарды күрделі жөндеу, Келес ауданында жалпы 75 каналды ағымдағы жөндеу көзделіп отыр. Сондай-ақ 5 ауданда орналасқан 12 су қоймасын аудандық меншіктен облыстық коммуналдық меншікке қабылдау шаралары атқарылуда.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов мол өнім алу диқандарға ғана емес, сала мамандарына да үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтады. «Енді егіс көлемін арттырып қана қоймай, сапаға мән беретін кез жетті. Сапалы өнім диқанның маңдай терінің ғана жемісі емес, ол тұқымның сорты мен тыңайтқышқа да, суға да тәуелді. Тұқым жақсы болмаса алқапты қанша кеңейткенімен, өнім молаймайды», — дейді басқарма басшысы. Аталған басқарманың ресми мәліметтеріне сүйенсек, биыл облыс бойынша егістікті әртараптандыруға сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 4,3 мың гектарға артып, барлығы 318 мың гектарға ұлғайтылған. Ал мал азығы дақылдары алқабы 6,7 мың гектарға көбейіп, 227,7 мың гектарға жетті. Көкөніс, картоп, бақша дақылдарын егетін алқап 9,7 мың гектарға ұлғайтылып, 129,1 мың гектар болады. Керісінше мақта плантациясы өткен жылмен салыстырғанда 14,9 мың гектарға қысқарады. Майлы дақылдар алқабы да 6,3 мың гектарға қысқартылып, 73,5 мың гектар болады. Жалпы, облыста жоспарланған 488,6 мың гектар жер жырту және 115 мың гектар сор шаю жұмыстары толығымен аяқталған.
Естеріңізде болса, бірер жыл бұрын Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мың жарым гектар жерді ағын сумен қамтамасыз ететін канал толық жөндеуден өткен болатын. Жібек жолы, Қапланбек және Қызылжар ауылының шаруалары жылда жаз ортасында ағын судан тапшылық көріп, еккен егіндері қурап кететін. «Енді мәселе шешіліп, тіршілік нәрінен тапшылық болмайды» — дейді диқандар.
Жібек жолы — Сарыағаш ауданындағы ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіретін ең негізгі ауыл. Халықтың дені жылыжай шаруашылығымен айналысады. Диқандар соңғы 10 жыл көлемінде судан тапшылық көріп, қиналатындарын айтады. Тіршілік нәрі жаз айларында мүлде болмай қалып, шаруалар шығынға шаш-етектен бататын. Себебі Қожақан каналы көп жылдан бері тазаланбаған. Су алқап басына жеткенкеше жерге сіңіп, ысырап болатын. «Осыдан 2 жыл бұрын су тапшы еді. Төмен жақтағы шаруалар қиналатын. Келіп біздің арықтарды жауып кететін. Бетон болмаған соң су жер астына тартып кетеді. Құрылыс жүріп жатқанда біз жаңбырдың суын, жерасты суын пайдаландық. 2 жыл амалдадық. Енді, міне, қазір су берді. Суға қарасаң көзің қуанады. Шаруалар үшін жақсы сыйлық болды. Ілгері де 4 текше метр су алатын болса, соның 800 литр суы етекке жетпейтін. Қазір 800-900 литр, 1 текше метр су барып жатыр. Бұл өте тиімді, шаруаларға жақсы болды» — дейді диқандар.
Бұрын пайдаланылмай жатқан 260 гектар жер канал жөнделген соң қосылды. Айналыма кірді. Табаны бетондалып, толық жөндеуден өткен Қожақан каналының ұзындығы — 18 шақырым. Жоба құны — 1 миллиард 556 миллион теңге. Жібек жолы, Қапланбек және Қызылжар ауылдық округтеріне тиесілі бір мың бес жүз гектар суармалы алқап, осы каналдан су ішеді.
«Сарыағаш ауданы негізі судың 90-95 пайызын Өзбекстан Республикасынан аламыз, Шыршық өзенінен. Шыршықтан бастау алатын Зақ деген магистральді канал бар. Сол Зақ каналынан келеді осы су. Осы үш ауылдық округіндегі осы каналдан су ішетін шаруа қожалықтардың мәселесі толығымен шешілді» — дейді «Сарыағаш аудандық су шаруашылығы» МКК директоры Нұрбол Алданазаров.
Жалпы, Түркістан облысында 87 магистральді және бір жарым мыңнан астам шаруашылық каналдар бар. Олар бүгінгі таңда жөндеу көріп, механикалық тазалаудан өтіп жатыр.
Орайы келгенде атап өтер мәселе, Сарыағаш ауданының су қоры жер беті мен жер асты суларынан тұрады. Сарыағаш ауданы аумағындағы су жүйелерінің жалпы саны — 329 дана, ұзындығы — 2232,7 шақырым, оның ішінде каналдар — 168 бірлік, ұзындығы — 1401,7 шақырым және қашыртқылар — 161 бірлік, ұзындығы — 831 шақырым. Ағын су жүйелері арқылы аудандағы 27,6 мың гектар көлеміндегі суармалы жерлер сумен қамтамасыз етіледі. Сарыағаш ауданы арқылы 3 ірі және кіші (Сырдария, Келес және Құркелес) өзендері ағып өтеді. Келес өзенінің ұзындығы 241 шақырымды құрайды, Шардара су бөгеніне келіп құяды. Келес өзеніне 10 шақты су тармақтары келіп құйылады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
It’s awesome to pay a visit this site and reading the views of all friends regarding this paragraph, while I am also eager
of getting familiarity.
https://www.jangwoneyewear.com/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=1710434
I don’t even understand how I ended up here, however I assumed this publish used to be good.
I do not recognise who you are but certainly you are going to a well-known blogger if you are not already.
Cheers!
hello there and thank you for your info – I’ve definitely picked up anything new from
right here. I did however expertise several technical issues using this web site, as I experienced to reload the web site a lot of times previous
to I could get it to load correctly. I had been wondering if your hosting is OK?
Not that I’m complaining, but sluggish loading instances times will sometimes affect your placement in google and could damage your high-quality score if advertising and marketing with Adwords.
Anyway I am adding this RSS to my e-mail and could look out for much more of your respective exciting content.
Make sure you update this again very soon.
It’s a shame you don’t have a donate button! I’d definitely donate to this superb blog!
I suppose for now i’ll settle for book-marking and
adding your RSS feed to my Google account. I look forward
to new updates and will talk about this blog with my Facebook group.
Chat soon!
https://smlabtech.com/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=385547
whoah this weblog is great i like reading your articles.
Keep up the good work! You understand, a lot of individuals are hunting around for this information, you
can help them greatly.
This post is invaluable. When can I find out more?
Hi there, I discovered your web site by way of Google even as looking for
a similar topic, your web site got here
up, it seems good. I have bookmarked it in my google bookmarks.
Hi there, simply became alert to your weblog thru Google, and located that it’s truly informative.
I’m gonna be careful for brussels. I will appreciate should you
continue this in future. Lots of other folks shall be
benefited from your writing. Cheers!
Someone essentially lend a hand to make critically articles I
might state. That is the first time I frequented your web page and thus far?
I amazed with the research you made to make this particular put up amazing.
Great job!
Keep on writing, great job!
Your mode of describing everything in this article is genuinely fastidious, every
one be capable of effortlessly understand it, Thanks a lot.
http://goldpension.kr/gold/bbs/board.php?bo_table=free&wr_id=136179
https://tawny-dolphin-lw63m3.mystrikingly.com/blog/on-the-web-holdem-strategy-ways-to-boost-winning-rates