Түркістан облысы: Сарыағаш ауданында  ветеринария саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Бүгін Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев облыс әкімінің «Түркістан облыстық статистика департаментінің бюллетеніндегі, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, дерекқор базасындағы және ауыл округ әкімдіктерінде жүргізілетін ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу кітапшасындағы мал бастарын сәйкестендіру мәселелерін шешу туралы» таспырмасын орындау бойынша жұмыс тобы мүшесі төрағасының орынбасары, облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Ғани Құрманбаймен кездесті.

Кездесу барысында ветеринария саласында біршама уақыттан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселелер талқыланды.

Айта кетсек:

— аудандағы мал басын сәйкестендіру;

— ветеринария мамандарының ғимаратпен қамтылу жағдайы;

— қажетті биотермиялық шұңқырларды (Беккари шұңқыры) және уақ мал тоғытатын орындарды салу туралы;

— аудандағы ветеринариялық–санитариялық нысандарды құжаттандыру жұмыстарының барысы туралы;

— ауданда атқарылып жатқан ветеринариялық іс-шаралардың орындалу барысы.

Атап өту керек, қазіргі таңда елімізде ветеринария жүйесін реформалау бойынша үлкен шаруалар атқарылып жатыр. «Мемлекет басшысының ветеринария жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасын орындау барысында Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық қызметке талдау және аудит жүргізді, ветеринария салаcын жетілдіру бойынша нақты шаралар әзірленді, олар сараптамалық қоғамдастықпен, бизнеспен, салалық қауымдастықтармен және мемлекеттік органдармен бірнеше рет талқыланды», — дейді Ауыл шаруашылығы министрілігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев.  Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ветеринария жүйесін реформалау бойынша ұйымдастырушылық іс-шаралар жоспары (жол картасы) бекітілген, оған барлығы 55 іс-шара кіреді.

Ветеринариялық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған заң жобасы

Парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ветеринария мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бастамашылық жасады, ол ветеринария саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, ұзақ мерзімді кезеңде ветеринариялық қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Заң жобасы орталық пен өңірлер арасындағы өкілеттіктерді бөлу, процестерді цифрландыру, деректерді жинау мен беруді автоматтандыру, кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру және ветеринария саласындағы мамандардың жалақысын арттыру, оларға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету арқылы ветеринария жүйесін реформалауды көздейді.

Асқар Жақыпбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта заң жобасын Үкімет қорытындылап жатыр, мүдделі мемлекеттік органдардың ескертулері мен ұсыныстарын пысықтау жұмыстары жүргізілуде.

Жол картасында процестерді цифрландыру, деректерді жинау мен беруді автоматтандыру блогы үш негізгі бизнес процестен тұрады:

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру үшін құлақ сырғаларын сатып алу функциясын жергілікті атқарушы органдарға беру ұсынылуда. Бұл ретте жеке қосалқы шаруашылықтарға тиесілі жануарлар үшін құлақ сырғалары өтеусіз берілетін болады, өйткені құлақ сырғаларын сатып алу бюджет есебінен жүзеге асырылмақ. Ал ұйымдасқан шаруашылықтар (шаруа қожалығы, фермерлік қожалық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және т.б.) өз қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіреді және оған арналған атрибуттарды сатып алады.

Жергілікті деңгейде Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру дерекқорында түзетулерді (өзгерістерді) жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қағидаларға өзгерістер енгізілуде.

2022 жылғы қазаннан желтоқсанға дейін Батыс Қазақстан облысында пилоттық режимде «VET-MOBILE» мобильдік қосымшасы тестілеуден өтті, 2023 жылғы 20 ақпаннан 20 наурызға дейін Түркістан облысында пилот іске асырылуда, оның аясында ветеринарлық дәрігер үшін:

— жануарлардың иелері бойынша мәліметтерді есепке қою, есептен шығару және қарау;

— алынған қан сынамалары бойынша тізімдеме жасау, ілеспе хатты ресімдеу және жануарларды диагностикалық зерттеу жүргізу үшін электрондық форматта қан алу актісі;

— «офлайн» режимде одан әрі пайдалану үшін жануарлар бойынша деректерді жүктеу (офлайн деректерді жүктеу) қарастырылған.

Бұл мүмкіндік мал иелеріне малды уақытылы бірдейлендіруге, ветеринариялық паспорт беру бойынша мемлекеттік қызметті алуға, союға, сатуға жіберуге мүмкіндік береді және жануарлар мен олардың иелерінің мәліметтеріндегі қателіктерді жоюға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған ИСЖ мобильді қосымшасы әзірленуде. Биыл осы бағыттағы жұмыстар аяқталатын болады.

«Биыл облыстардағы құлақ сырғаларының жұмсалуын бақылауға және жеткізушілерге жедел беру үшін цифрлық разрядтарды автоматты түрде генерациялауға және жануарларды бірдейлендіру үшін эмиссиялық нөмірлерді алудың ұзақ рәсімін болдырмауға арналған “Процессингтік орталық” модулін пилоттық режимде іске қосу және енгізу жоспарлануда», — деді Асқар Жақыпбаев.

Комитет төрағасының айтуынша, бұл шаралар қағаз форматын алып тастауға, жұмысты жеңілдетуге, сынамаларды қабылдау және нәтижелерді беру процесін автоматтандыруға, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін қалыптастыру және қолайсыз пункттерді жою кезінде адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді.

Ветеринария саласында рұқсат құжаттарын беру

«E-AGRICULTURE» агроөнеркәсіп кешенінің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ЕАСУ), технологиялардың, бизнес-процестердің, нарықтың және оның талаптарының өзгеруіне байланысты ЕАСУ өзгертілуде, өйткені «ескі» ЕАСУ архитектурасы ескірген (монолиттік архитектура 2008 жылы әзірленген).

Бүгінде сервистік архитектураға көшумен ЕАСУ модификациясы аяқталды (шешімді құрудың сервистік тәсілі, ол салыстырмалы монолитті тәсілді әзірлеуге икемділік береді және аз еңбекті қажет етеді), GO бағдарламалаудың жаңа тіліне қайта жазылды, бұл қажет болған жағдайда бизнес-процестердің өзгеру икемділігін білдіреді. Демонстрациялар өткізіліп, жүйенің қолданыстағы барлық рөлі тексерілді. Бүгінгі таңда жүйе өндірістік пайдалануға берілді.

Ветеринариялық іс-шараларды жүргізу

«Ауыл шаруашылығы жануарларын уақытылы диагностикалау және вакциналау үшін заңнамалық деңгейде отандық өндірушілермен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасу мүмкіндігімен ветеринариялық препараттарды сатып алуды алып тастау мәселесі пысықталуда. Бұл шара қажетті уақытта өзекті штамдары бар вакциналар мен диагностикумдардың қажетті көлемде болуына мүмкіндік береді, өйткені әлемде және Қазақстанға іргелес елдерде эпизоотиялық жағдай үнемі өзгеріп отырады», — дейді Асқар Жақыпбаев.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының мәліметінше, әкімдіктер қабылдаған шараларға қарамастан, ветеринариялық дәрігерлердің жалақысы төмен болып отыр, бұл орташа айлық атаулы жалақыдан 36%-ға аз (республика бойынша орташа жалақы 312 мың теңгені, ал жоғары білімі бар ветеринариялық дәрігерлерде 126 мыңнан 252 мың теңгеге дейін). ЖАО ақпараты бойынша 2021 жылмен салыстырғанда ветеринарлық мамандардың жалақысы республика бойынша орташа есеппен 50,3%-ға өсті. Жалақының өсуіне үкімет резервінен 9 облыс (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары және Ұлытау облыстары) үшін 6 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу әсер етті.

«Сонымен қатар заңнамалық деңгейде 1 және 2 патогендік топтардың патогенді биологиялық агенттерімен жұмыс істейтін ветеринариялық мамандарға кемінде екі лауазымдық жалақы мөлшерінде еңбекақы мен сауықтыруға арналған жәрдемақыға 35% және 50% қосымша ақы түрінде әлеуметтік қорғау көрсетуге мүмкіндік беретін норма қабылданды. Бұл мақсаттарға бюджетті нақтылау кезінде 9,2 млрд теңге қарастырылуда», — дейді Асқар Жақыпбаев.

Заң жобасы шеңберінде ветеринариялық дәрігердің мәртебесі мен нормативтік жүктемесін айқындау, жалақыны, қосымша ақыларды, үстеме ақыларды және әлеуметтік қолдау шараларын ұлғайту көзделеді.

«Жоғарыда аталған шараларды іске асыру ветеринарлық дәрігер мамандығының тартымдылығын арттыруға, оларды өздеріне тән емес функциялардан және қағазбастылықтан босатуға мүмкіндік береді. Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың сапалы вакциналармен және диагностикумдармен уақытылы жүргізілуін, елдегі қолайлы эпизоотиялық жағдайды қамтамасыз етеді. Бұл — Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария жүйесін жетілдіру бойынша негізгі тәсілдері», — дейді ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Асқар Жақыпбаев.

Сонымен қатар бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек ауылдық округі аумағындағы орналасқан «Ускенбай» шаруа қожалығында болды. Шаруа қожалығының төрағасы У. Рысмамбетов аудан әкіміне егін егу барысын баяндап, өсіріп отырған өнім түрлерімен таныстырды.

— Ауыл шаруашылығы өнімдері — тұрғындардың басты азығы. Аудан тұрғындарын ауыл шаруашылығы өнімдерімен толығымен өзіміз қамтуымыз керек. Мемлекет қолдауы жылдан-жылға артып келеді. Мүмкіндікті дұрыс пайдалану арқылы, шаруа қожалығын үлкен мекемеге айналдыруға болады. Бұл бағытта жұмыстарыңызды тоқтатпаңыздар, — деп аудан басшысы өз қолдауын білдірді.

Айта кетсек, шаруа қожалығы төрағасы 2 гектар аумақтың 1 гектарына картоп, 0,6 гектарына қырыққабат, 0,4 гектарына болгар бұрышын егіп, бүгінде өз кәсібін дөңгелетіп отыр.

Бүгін аудан басшысы назар аударған тағы бір мәселе ауданның елді мекендерін сапалы электрмен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарға қатысты. Бүгінгі таңда энергия көздері бойынша қосымша су электр станциясы пайдалануда, сондай-ақ қосымша тағыда бір шағын су электр станциясын салу жоспарлануда. Бұл ретте бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев аудандағы электр энергияларды өндіру саласын дамытып келе жатқан «Келесгидрострой» ЖШС-нің жұмысымен танысу мақсатында Жартытөбе ауылдық округі, Құрама елді мекені аумағындағы, Келес өзенінің бойында орналасқан 4,5 МВт электр қуатын өндіретін «Дархан» шағын су электр станциясына барды.

Аталған су электр станциясының құрылыс жұмыстары 2017 жылы басталып, 2019 жылы пайдалануға берілген. Қазіргі таңда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, Жартытөбе және Құркелес ауылдық округінде 2000 абонентті электр қуатын қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, аудан басшысы «Келесгирострой» ЖШС-нің Қабланбек ауылдық округі, Ташқұлақ елді мекенінде жоспарланудағы су электр станциясының жерімен танысты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.