Түркістан облысы: Созақ ауданында Қарақұр ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратын салу үшін жер телімі анықталды

Бүгін Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков Қарақұр ауылдық округінде болып, тұрғындармен кезекті кездесуін өткізді. Онда халық игілігі үшін жасалатын мәселелерді кеңінен талқылап, биыл атқарылар жұмыстарды баяндады.

– Бүгін, міне, сіздердің мұң-мұқтаждарыңызды тыңдап, шешу жолын қарастыру үшін келіп отырмыз. Бұған дейін де бірнеше мәрте кездесіп, ұсыныс-пікірлеріңізді тыңдап, қажетті жұмыстарды атқардық. Өткен жолғы кездесуде көтерілген мәселелер жөнінде тиісті жұмыстар атқарылды. Б.Батырбекова көшесіне көше жарықтандыруы жүргізіліп, іске қосылса, Наурыз және Құрманғазы көшелеріне көше жарықтандыруын жүргізу үшін жобалық сметасы әзірленіп, тиісті жұмыстары атқарылуда. Раң елді мекенінің атауы жоқ №1 көшесіне, Шаға елді мекенінің Шаға көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Мұнан бөлек Қарақұр ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратын салу үшін жер телімі анықталып, сұраныстарыңызға орай жобалаушы мекеме тарапынан жобалық-сметалық құжаттамаларына түзетулер енгізілу үстінде. Жеке мәселесімен келген тұрғындарға да тиісті көмектер беріліп жатыр. Әрине, ауыл округті кешенді дамыту мақсатында басқа да атқарылуы қажет жұмыстар бар. Тек мұндағы емес, жалпы аудан бойынша жасалу керек мәселелер маған етене таныс. Барлығын бір жылда атқара салу мүмкін емес, кезең-кезеңімен шешу үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз деді, — аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.

Тұрғындар аудан әкімдігі тарапынан жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, келелі уақытқа ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Бірқатарын жеке мәселелері бойынша да қабылдады. Ондағы айтылған мәселелерді толықтай назарға алынғанын айтып, жауапты мамандарға шешу жолдарын ұсынып, нақты тапсырмалар жүктеді.

Есептік жиынға аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен бөлім, мекеме басшылары қатысты.

Сонымен қатар Қаратау ауылдық округінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жөнінде де тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Қаратау ауылында заман талабына сай жабдықталған жабық футбол алаңының құрылыс жұмыстары басталды. Бұндай заманауи үлгідегі ойын алаңшалары мұнымен шектелмейді. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында алдағы уақытта өзге де ауыл округтерде кезең-кезеңімен жалғасын тауып, бой көтеретін болады.

Сонымен бірге тұрғындар сұранысына орай аталған округке қарасты Саржаз елді мекенінен атауы жоқ №1 көшесіне, Ақсүмбе елді мекенінен Қалмырзаұлы және Сапарбай көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Осылайша ағымдағы жылы аудан орталығынан шалғай орналасқан шағын елді мекендерге баса көңіл бөлінуде. Мұнан бөлек Саржаз елді мекенінен жазғы ойын алаңшасын салу, Қаратау ауылы тұрғындарын тәулігіне 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету, А. Қалмұрзаұлы көшесіне көше жарықтандыру жұмыстарын жүргізу үшін тиісті жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау ауыл округі тұрғындарымен өткізген есептік жиында мәлімдеді.

Жиында тұрғындар бірқатар ұсыныс-пікірлерін жолдап, көкейдегі сұрақтарын жеткізді. Көтерілген сауалдардың маңыздылығы ескеріліп, сала мамандары тарапынан жауап беріліп, қосымша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Есептік кездесу соңында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Жауапты мамандармен айтылған мәселенің шешу жолдарын жан жақты саралап, тиісті тапсырмалар жүктеді.

Сапар барысында Қаратау ауылында заман талабына сай жабдықталған жабық футбол алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауаптыларға құрылыс сапасын бақылауда ұстап, белгіленген уақытында аяқтау керектігін ескертті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

4 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.