
Ағымдағы жылы Жаңаауыл ауылдық округінің Жаңаауыл, Қарой, Ынтымақ, Атақоныс ауылдарының ауыз су жүйелерін салуға 1 миллиард теңге, Мырзашөл, Атақоныс, Әбдіхалық елді мекендерінің газ құбырлары құрылысына 181,7 миллион теңге, Жаңаауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салуға 451,4 миллион теңге, Жаңаауыл, Ынтымақ, Атақоныс елді мекендеріндегі жаңа құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін салу мен КТП орнатуға 499,4 миллион теңге қаражат қаралған.
Осы және өзге де өзекті мәселелер мен олардың шешілу жолдары аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың Жаңаауыл ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды.
Сондай-ақ, аудан әкімінің тапсырмасымен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін арық-атыздар қазу жұмыстарына 5,2 миллион теңге, Мырзашөл елді мекеніндегі мәдениет үйі мен спорт алаңшасын күрделі жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге 7 миллион теңге, Атақоныс елді мекеніндегі мәдениет үйін күрделі жөндеу үшін жобалау сметалық құжаттарын әзірлеуге 7,6 миллион теңге, Әбдіхалық елді мекеніндегі спорт алаңшасын орнатуды бастауға 20 миллион теңге, Ынтымақ елді мекеніндегі Алакөл, Баян сулу, Достық көшелерінің ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарына 4,3 миллион теңге бөлінген.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы өткен кездесуде округ тұрғындары тарапынан көтерілген Мырзашөл ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету, Жаңаауыл ауылындағы ауыз су құбырын қалпына келтіру, Мырзашөл, Ынтымақ елді мекендеріндегі тік дренаждарды іске қосу, Бейбарыс көшесін жарықтандыру, Көрікті, Қалтұрсын қажы көшелерінің қиылысындағы су басатын жерлерді ретке келтіру, Атақоныс, Жаңа ауыл ауылдарындағы, Гагарин-Жетісай бағытындағы А-15 тас жолын орта жөндеуден өткізу секілді мәселелермен қатар Мырзашөл ауылынан жаңа мектеп ғимаратын салу, Т.Рысқұлов жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат және спорт зал салу, Қарой ауылынан фельдшерлік акушерлік пункт салу, Мырзашөл ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу бойынша айтылған өтініштердің орындалуына тоқталды.
Тұрғындармен өткен кездесуден соң аудан басшысы жеке мәселелерімен келгендерді қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Өтініштері мен ұсыныстарын бірге талқылады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.