Шымкент: Самалдықтар сапалы электр жарығына қол жеткізді

Еліміздің үшінші мегаполисі республикадағы маңызды, ірі қалалардың бірі болғандықтан  коммуналдық мәселелер уақытылы шешімін табуы тиіс. Осы орайда  Шымкент қаласының іргесіндегі Самал -3 шағынауданының  тұрғындары сапалы электр жарығына қол жеткізіп отыр.


Салаға жауапты мамандар шағынауданды  жаңа электр жүйесіне қосуды бастап кетті.

Осыған дейін 24 жекеменшік трансформатордан тоқ алып, тұтынған электр жарығына еселенген тариф бойынша 23 теңгеден төлеп келген халық енді ел қатарлы төлем жасайды. Сапалы электр желісіне қол жеткізген тұрғындар мамандарға алғыстарын білдіруде. Самалдықтардың қуанышымен бөлісуге келген Абай ауданының әкімі «бұл қала әкімдігі тарапынан атқарылған жұмыстардың нәтижесі, үкіметтен қомақты қаржы бөлініп, жоба кезеңімен жүзеге асырылуда»,- дейді.

«5 800 абонент қосылады. 6 млрд. теңгені бөлуге қала әкімі Мұрат Әйтенов әрекет жасады. Жылдың басында қала басшысы халықпен кездескен болатын. Міне 5 айда жұмыстар аяқталды»,- дейді  Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов. 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.