Түркістан облысы: «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бірінші кезең бойынша сайрамдық кәсіпкер 2,5 пайыздық несиеге қол жеткізді

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру мақсатында Сайрам ауданы бойынша «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бірінші кезеңмен жағдайы төмен және ауыл шаруашылығына қолайлы деп танылған Ақбұлақ және Жібек жолы ауылдық округтері ұсынылған болатын. Бүгін «Түркістан» ӘКК» АҚ басқарушы директоры Н.Исаев, «Ырыс» МҚҰ-ның басқарма төрағасы М.Мыңбаев, Түркістан облысы бойынша «Атамекен ҰКП» директоры А.Ибадуллаев және аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаевтар ауыл тұрғындармен кездесті.

Қайнарбұлақ және Көлкент ауылдық округтерінің тұрғындарымен өткен жиындарда несиелеу шарттарын, кооперация құру механизмі, пилоттық ауылдық округтегі жеке қосалқы шаруашылықтарды кооперативтерге біріктіру тиімділіктері түсіндірілді.

Бағдарлама аясында қолдауды басым көпшілігін атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушыларға беруді және оларды кәсіпке бейімдеу жоспарланған. Бұл ретте, Ақбұлақ ауылдық округінде тұрғын саны 5600 адамды құрап, 52 отбасы, ал Жібек жолы ауылдық округінде 6060-қа жуық тұрғыннан 83 отбасы АӘК алуда.

Жоба аясында ауылдық округтерде әрбір үйлерді аралап, скрининг жүргізілген. Нәтижесінде мал шаруашылығы және құс шаруашылығымен айналысуға аталған ауылдық округтерінен 200 тұрғынға (оның ішінде АӘК) алушы 24 азамат 1 миллиард теңгеге дейін жеңілдетілген 2,5 пайыздық несие алуға қызығушылық танытқан.

Бүгінгі таңға 62 азаматтың құжаттары тексеруден өтіп, сүт пен құс шаруашылығын дамыту бағытында «Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» және «Қазақбай ДИЯ» ауыл шаруашылығы өнеркәсіп кешендері ашылды. Бұл кешендерде құс шаруашылығы, мал шаруашылығы, оның ішінде сүт өндірумен мал бордақылау бағыттары қосылды.

Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасына қосымша қаржы бөлінуіне орай, аудан бойынша Қайнарбұлақ және Көлкент ауылдарын қатыстыру жоспарланып отыр.

Облыстық ұйымның өкілдері бағдарлама аясында ауыл шаруашылығына қолдау тауып, несиелендірілген азаматтар ішінде облыс бойынша бірінші болып несие алып, өз кәсібін ашқан Ақбұлақ ауылдық округі тұрғыны Сүлейменов Тұрар Шафриддинұлының шаруашылығында болды.

Кәсіпкер өз шаруашылығын дамыту жұмыстары мен жоспарымен бөлісті. Жобаны іске асыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт бағытындағы мал шаруашылығы бойынша 8,6 миллион теңге несие алуға мүлкін кепілге қоя отырып, өтінім жолдаған. Нәтижесінде облыстық комиссияның оң шешімімен 8 миллион теңге берілді. Кәсіпкер несие қаржысына Ақмола облысынан 16 бас сауынды сиыр мал басын сатып алған.

Бүгінгі күнде әр мал басынан 10 литрден сүт алып, «Натур Продукт» ЖШС-не тапсыруда. Алдағы уақытта шаруашылығын дамыту аясында мал басын ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Иә, Тұрар Сүлейменовтің әрбір таңы сиырларға шөп салумен атады. Шаруа малға қалай күтім жасау керек екенін жақсы біледі. Өйткені жастайынан төрт түліктің ішінде өскен. Мал алып, шаруашылықпен айналыссам деген арманының орындалуына мемлекеттік «Ауыл аманаты» жобасы негіз болыпты. Тұрғынның күні кеше бос тұрған қорасында бүгін 18 ірі қарасы бар. Ол 2,5 пайызбен алған 8 миллион теңгеге ойланбастан сүтті буаз сиырлар сатып алыпты. Ірі қарасының алды төлдеп, сүт бере бастаған. Алдағы уақытты мал басын көбейтіп, ауылдағыларды сүт өнімдерін қамтуды көздеп отыр екен.

Айта кетелік, жобаны тиімді іске асыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауданда пилоттық жобаға қатысатын ауылдық округтерде тұрғындарға кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған.

Жобаны іске асыру мақсатында іске асыру сызбасы жасақталып, сызбаға сәйкес құрылған кооперативтер тарапынан өзге облыстардан ірі қара малдарды әкелуді ұйымдастырып, кооператив мүшелеріне үлестіру жұмыстарын жүргізе отырып, мүшелер тарапынан өндірілген өнімдерді Ақбұлақ, Жібек жолы ауылындағы сүт өнімдерін «НатурПродукт» ЖШС-і зауытына, ет өнімдерін «ЕТ-АГРО Манкент» ЖШС-іне, құс етін «Алма» АШӨК-не өткізу жоспарлануда.

Ақбұлақ ауылдық округіндегі «Ақбұлақ-ӨНІМДЕРІ» кооперативінің құрамына кіріп, несие алуға 104 азамат ниет білдірген. Оның 20-сы облыстық «Ырыс» микроқаржы ұйымына тапсырылып, ішіндегі 14 азаматтың құжаттары комиссия қарауынан өтіп, 10 азаматқа жалпы құны 53 миллион теңге бөлінген.

Ал, Жібек жолы ауылдық округінде құрылған «Қазақбай ДИЯ» кооперативінің құрамына кіріп, несие алуға 96 азамат ниет білдірген. Оның ішінде 15 азаматтың құжаттары облыстық «Ырыс» микроқаржы ұйымына тапсырылып, ішіндегі 1 азаматқа 5,4 миллион теңгеге несие қаралды.

Облыс әкімінің тапсырмасымен ауыл шаруашылығы саласынан басқа да бағыттарды несиелендіру қажеттігі тапсырылған болатын. Осыған орай, жұмыс тобы тарапынан ауылдық округтерін қайта аралап, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы ұсынған шағын бизнес жобалармен таныстырып, насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ағымдағы жылы ауданнан аталған бағдарламаға қатысушылар саны артып келеді.

«Бізде негізі бірінші кезде үміткер 127 адам болған, қазіргі таңда 30 өтінім түсті. Соның 7-еуі қаржыландырылды. 3-еуі қаржыландыру үстінде. Жуық арада алады. Негізгі басымдықтар — мал шаруашылығы, сүт бағытында, бордақылау. Тұрғындар өздерінің кәсібін ашатын болса, көмек бар» — дейді Ақбұлақ ауыл әкімінің орынбасары Әбдібек Үсіпбеков.

Сайрам ауданы бойынша жобаға қатысуға ниет білдіргендердің саны 114-ке жеткен. Негізі 266 адамға несие беру жоспарланған. Оның 8-і қаржыландырылған. Қалғаны қаралып жатыр екен. «Жалпы 6 бағытқа негізделген жоба шарттары да оңай. Кепілге баспана болуы шарт. Туыстарының үйі болса да бола береді, зейнет жасында болмауы керек, кәсіпкер және өндірістік кооператив мүшесі болуы керек, банк алдында берешегі болмауы керек», — дейді Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөліміндегілер.

«Негізі келіп жатқан азаматтардың кері қайтып жақтаны көп емес. Мысалы, 114-тің 11 азаматы кері қайтарылды. Кепілдігі бар кейбірі банк алдында берешегі болып қалып жатыр. Екіншіден, құжаттарды рәсімдеу кезінде тұрғындар қиналып жатқаны — бұрын жерінің, үйінің құжаттарын легализация кезінде рәсімдеген, соны қайта рәсімдеу уақыт алып жатыр. Біз оған халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көмектесіп жатырмыз» -дейді Сайрам аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Рысқұл Есполай.

Сайрам Түркістан облысындағы халқы тығызы орналасқан аудан болып есептеледі. Бір ғана Қарабұлақ ауылы еліміздің өзге өңірлерін ет өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Сондықтан ауыданда мал шаруашылығына көбірек мән беріліпті. Мемлекеттік жобаға қатысушылардың дені де несиені осы мал шаруашылығына сұрап отыр екен. Оның ішінде ет және сүт өнімдерін молайту да бар. «Ал, кәсібін ашып, нәпақа табамын дегендерге ауыл халқының әлеуетін арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы мол мүмкіндік береді» — дейді мамандар.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.