Түркістан облысы: Сауран ауданында егінге алғашқы орақ түсті

Қырманды қыруар өнімге толтырып, еткен еңбектен еселі табыс көру — кез келген шаруаның арманы. Осы мақсатты көздеп, еңбектің қазанында қайнаған диқандарды бүгінде егін алқаптарынан табу қиын емес. Мәселен, Сауран ауданының Үшқайық ауылдық оругіндегі «Асан» шаруа қожалығының диқандары дәл қазір қызу еңбек үстінде.

Шаруа қожалығы төрағасы Асан Әлхановты бидай алқабынан кездестіріп, еңбекқор жан екендігін бір көргеннен аңғардық. Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садыбаев және Үшқайық ауылдық округінің әкімі Мұхтар Шалаев егістік алқабына арнайы барып, жұмыстың барысымен танысты.

“Асан” шаруа қожалығының төрағасы Асан Әлхановтың мәлімдеуінше, аталмыш қожалық 1999 жылы 18 адаммен құрылып, өз жұмысын бастаған. Ал, 2005 жылы қожалықтан жеке шығып, 70 гектар жерді қоршап, басына артезиан қазып, бүгінде 20 гектер жерге бау-бақша, 7 гектер жерге қарбыз, 18 гектер жерге бидай, 18 гектер жерге жоңышқа еккен.

“Бидайды күз айында, яғни, қыркүйек айында ектік. Маусымның 25-нен бастап бидайға орақ түсті. Бидайдың гектарынан 40-45 центтерден өнім алудамыз. Қазіргі таңда өзіме қарасты қоймаға жинап отырмын. Қожалыққа қарасты 5-6 техникамыз бар. Бидайдың шығымы жақсы, біз күткен өнімнен артық алуды жоспарлап отырмын” — дейді шаруа қожалығының төрағасы Асан Әлханов.

Бұдан бөлек Сауран ауданында бүгінде кенемен күрес те күшейтілген. Бүгін аудан әкімінің орынбасары Серік Садыбаевтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысында Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алу шаралары қаралды. Комиссия отырысына аудандық емхана басшысының орынбасары Асел Өтегенова, Түркістан облысы ветеринария басқармасының «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшысы Гүлжан Бөрібаева, аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Нурдулла Мырзагелдиев және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Конго-қырым қанды геморрагиялық қызбасының қарсы күресті күшейту шаралары талқыланды. Қауіпті деген аймақтарды залалсыздардыру жұмыстарын үздіксіз жүргізуді күшейту жайы да сөз болды. Ол үшін аудан әкімінің орынбасары ауыл округ әкімдеріне қауіпті аймақтарды қатаң бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

Аудандық емхана конго-қырым қанды геморрагиялық қызбасына қатысты ауыл тұрғындарымен бірге семинарлар өткізген. Тұрғындарды сақтандыру үшін ұдайы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Жаз айларында тұрғындар барынша қауіпсіздік шараларын ұстанған абзал. Егер кене шаққан жағдайда өзінше әрекет етпей, жедел түрде дәрігердің көмегіне жүгінген жөн.

Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қызметкерлерінің айтуынша, ️кенеден сақтанудағы ең маңыздысы, ауыл тұрғындарының мал бастары мен қораны залалсыздандыру жұмыстарын сапалы жүргізу қажет. Тазартылмаған қораларды улау еш нәжиже бермейтіні анық. Сондықтан қора тазалығына мән берген дұрыс.

Комиссия отырысы аудан әкімінің орынбасарының тиісті салаға жауапты мамандарға тапсырма беріліп қорытындыланды. Тұрғындардың қауіпсіздігіне бей-жай қарамауды, төтенше жағдайда жедел қызмет көрсету керектігін екшеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.