Түркістан облысы: Ордабасы ауданында астық ору науқаны жүріп жатыр

Ордабасы ауданында астық ору науқаны басталды. Аудан әкімі Нұрбек Бадырақов «Сабыр» шаруа қожалығының астық алқабында болып, бидай ору науқанының куәсі болды.

Ауданның жер көлемі 265 561 гектарды құраса, оның 218 234 гектары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптар. Биыл 71 147,5 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда егіс көлемі 1 547 гектарға ұлғайған.

Бүгінде астық ору науқаны басталып 3 809 гектар жерден 8000 тонна бидай өнімі жиналып отыр. Жалпы, аудан көлемінде астық ору науқанына 158 ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылған.

Осы тұста атап өтер жайт, биыл Түркістан облысында 3 миллион тоннадан астам күзгі өнім жиналады. Мамандардың сөзінше, қазіргі уақытта жазғы дақылдардан 200 мың тонна көкөніс, 70 мың тоннадан астам картоп, 170 мың бақша өнімдері жиналған.

Облыста астық ору науқаны қызу жүргізіліп жатыр. Биыл Түркістан облысында 590 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Ал жыл соңына дейін өңірде 4,1 миллион тонна мал азығын жинау жоспарланған. «Бүгінде оның 3,5 миллион тоннасы дайын» — дейді мамандар.

 «Масақ дақылдары, күріштен 1,7, майлы дақылдар 3,9, көкөніс 9000 гектарға, мал азықтық 1100 гектарға артығымен болды. Былтырмен салыстырғанда, Отырар ауданы 2800-ге, Төлеби ауданы 3200-ге, Түлкібас 600 гектарға артық. Келес былтырмен салыстырғанда межесі кем болғанымен, былтырмен салыстырғанда өсім бар» — дейді Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов.

Облыс басшысы жауапты мамандарға былтыр ауыл шаруашылығы саласында туындаған проблемалардың биыл қайталанбауын үнемі тапсырып, қадағалап отыр. Яғни, астық жинауға қажетті техникалық құралдардың дайындығын пысықтауға шақыруда.

Биыл облыстағы жиын-терім жұмыстарына мемлекет тарапынан 33,7 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Сонымен қатар, 500 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50 пайызын субсидиялауға 6,5 миллиард теңге, тұқым шаруашылығына 600 миллион теңге, 15 мыңға жуық агроқұрылымға мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Қорытындылай айтқанда, биыл Ордабасы ауданында 33 370 гектарға дәнді дақылдар (бидай, арпа, жүгері) егілесе, 5 412 гектарға майлы дақылдар (мақсары, күнбағыс) егілді. 6 634 гектарға — мақта, 636 гектарға — картоп, 4 829 гектарға көкөніс, бақша егілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.