Түркістан облысы: Шардара ауданының пиязына Ресейде сұраныс артып келеді

Шардара ауданындағы «Тұрар» шаруа қожалығы 32 гектар алқапқа пияз, 32 гектарға бақша дақылын еккен.

Атап айтқанда, ерте пісетін 12 гектар — «бонус» F1, орта пісетін 6,0 гектар — «камперо» F1 және «аргос» F1, сондай-ақ кеш пісетін 8,0 гектар «каоба» F1 сортты пияздары егіліп, бүгінгі таңда алғашқы өнімнің 100 тоннасы Ресейдің Екатеринбург қаласына жөнелтіліп жатыр. Пияздың 1 килограмы 110 теңгеден саудалануда.

Шаруа қожалығында жиын-терім кезінде 100-ден астам адам жұмыспен қамтылады.

«Тұрар» шаруа қожалығы 286,5 гектар жерді игеріп жатыр. Мұнда пияз өнімінен бөлек картоп, сәбіз, қарбыз, қырыққабат, қызылша дақылдары егіледі.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.