Түркістан облысы: Шардара ауданы әкімдігінің жауаптылары «Ауыл аманаты» пилоттық жобасының іске асырылуы барысы туралы маңызды жиынға қатысты

Бүгін «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылуы барысы туралы облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, жобаға қатысушы ауыл округі әкімдері мен жауапты мамандары, тиісті мекеме, кәсіпорын басшылары, кооператив төрағалары селекторлық режимде қатысты.

Жиында аудандар арасында жобаның атқарылуы барысы талқыланып, күнделікті, апта сайын, айсайынғы аудандар арасында рейтинг жасалынатыны баяндалды. Сонымен қатар, жобаға бөлінген қаражаттың тиімді сапалы игерілуін мақсатты жұмсалуы бойынша аудандарға нақты тапсырмалар жүктелді.

Бұдан бөлек, жиында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің күзгі дала жұмыстарына бөлінген жанар-жағармаймен қамтамасыз етілуі мен жазғы вегетациялық ағынсу мәселелері талқыланып, аудандарға нақты тиісті тапсырмалар жүктелді.

Осыған орай, жоба қатысушы ауыл округі әкімдері, мамандарымен кооператив төрағалары, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімдері қызметкерлері және «Ырыс» МҚҰ өкілдерімен «Ауыл аманаты» жобасының ауданда атқарылуы барысы туралы жиын өткізілді. Мәжілісте облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларына сәйкес, несие комитетінде мақұлданған жобаларды құжаттарын рәсімдеп, қысқа мерзім ішінде несие қаржы алуына ықпал ету, ауданда өз деңгейінде орындалуы, бөлінген қаражаттың тиімді игерілуі, «Ырыс» МҚҰ мен «Түркістан» ӘКК-мен тығыз байланыста жұмыс жасау қажеттілігі айтылып, ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді.

Орайы келгенде айта өтейік, Шардара ауданының Ақшеңгелді ауылдық округінде орналасқан ауыл шаруашылығы саласындағы суармалы егіншілік алқаптары соңғы 2-3 онжылдық көлемінде тік вертикалды су ұңғымалары (дренаждар) жұмыс істемегендіктен, дәлірек айтсақ, тәуелсіздіктің алғашқы жылдары электр жүйелері мен дренаж қондырғылары бұзылып істен шыққандықтан, жер асты суларының деңгейі күрт көтеріліп мыңдаған гектар суармалы егістік алқаптар егістік мақсатқа пайдалануға келмей қалды. Сорлану және ылғалдың жоғарылауынан су басып сай жерге орналасқан алқаптар пайдалануға жарамсыз күйге түсті. Осы орын алған кемшіліктердің зардаптарын жою үшін ҚР Үкіметінің шешіміне сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығы мен өнімділігін арттыру үшін қазіргі уақытта Шардара ауданы бойынша, оның ішінде Ақалтын және Егізқұм ауылдарында 58 дана ұңғыманы қалпына келтіру жұмыстары «Асатай» ЖШС орындауында жүзеге асырылып жатыр.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.