Сарыағаш ауданында жыл сайын мал санының өсуіне байланысты шөп дайындау жұмыстары да артып отыр.
«Қыс азығын жаз жина» демекші, бүгінгі таңда аудан аумағындағы Қызылжар, Дербісек, Ақжар ауылдық округтерінде мал азығын жинау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Айта кетсек, былтыр шөп жинау жоспары 399 400 тонна болса, нақты жиналғаны 441 001 тонна, меже 110 пайызға артығымен орындалған.
Ал, ағымдағы жылы шөп жинау жоспары 328 200 тонна болса, бүгінгі таңға дейін 227 946 тонна шөп жиналды.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.