Қазан айының 7-8 күндері Алматы қаласында жыл сайынғы дәстүрге айналған Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жәрмеңкеде 400 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері нарықтан 15-20 пайыз арзандатылған бағада ұсынылады.
Ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаевтың берген мәліметіне сүйенсек, жәрмеңкеге Сауран ауданы 40 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдерін апарған. Жәрмеңкеге келген халықтың қарасы көп. Бүгінге дейін шаруалар 20 тоннаға жуық өнімдерін сатқан.
Айта кетсек, бүгінгі күнге ауданда нақты 44 080 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 2057 гектарға артығымен орындалды. Ал ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 11 млрд. 332 млн. теңге тапсырма беріліп, 8 айдың қорытындысымен 3 млрд. 973 млн. теңгеге орындалды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артып отыр.
Сауран ауданы бойынша 2022 жылы 42 137 гектар егістік жер игерілсе, ағымдағы жылға 42 200 гектар егістік жерді игеру тапсырмасы берілді. Бүгінгі күнге нақты 43 530,8 гектар жер игеріліп, өткен жылдың тиісті кезіңімен салыстырғанда 1 393,4 гектарға артығымен орындалды немесе 103,1%-ды құрады.
Есепті кезеңде аудандағы мал саны 751,1 мың бас, құс саны 160,0 мың басты құрады немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 103,4%-ға артты.
2022 жылы Сауран ауданына ауыл шаруашылығының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 6 млрд. 300 млн. теңге тапсырма берілсе, жыл қорытындысымен 7 млрд. 141 млн. теңге инвестиция тартылып, 113,4%-ға орындалды. Ал, 2023 жылға 11 млрд. 332 млн. теңге тапсырма беріліп, 7 айдың қорытындысымен 3 млрд. 960 млн. теңгеге орындалды немесе өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артты.
Бұдан бөлек, алдағы уақытта ірі шаруалар бойынша жалпы құны 4 млрд 468 млн. теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Атап айтқанда:
— Үшқайық ауылдық округінде «Иманқұл ата» шаруа қожалығының – балық шаруашылығын дамыту жобасы, жалпы инвестиция құны 608,0 млн. теңге;
— Оранғай ауылдық округінде «Балмұздақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – Балмұздақ, какао, шоколад, кондитерлік өнімдер, тамақ өнімдері, жартылай фабрикат өнімдерін сақтауға қойма салу жобасы, жалпы инвестиция құны 2,56 млрд. теңге;
— Ескі Иқан ауылдық округінде «AgroFoodTrade» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – мақта майын өндіру цехы жобасы, жалпы инвестиция құны 500,0 млн. теңге;
— Оранғай ауылдық округінде «БНК АГРО KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің – мал азығын дайындайтын (комбикорм) цех құрылысының жобасы, жалпы инвестиция құны 400,0 млн. теңге;
— Жібек жолы ауылдық округінде «Тәуекел Агро» шаруа қожалығының – жаңбырлатып суару арқылы жоңышқа өсіру жобасы, жалпы инвестиция құны 400,0 млн. теңге.
Бүгінгі күнге, «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 134 жоба қабылданып, оның ішінде Қарашық ауылдық округі бойынша құны 231,2 млн. теңгені құрайтын 41 жоба, Оранғай ауылдық округі бойынша құны 169,3 млн. теңгені құрайтын 32 жоба, Ескі Иқан ауылдық округі бойынша 94,9 млн. теңгені құрайтын 15 жоба, Майдантал ауылдық округі бойынша 51,0 млн. теңгені құрайтын 10 жоба несие комитетімен мақұлданды.
Қазіргі таңда мақұлданған, құны 261,0 млн. теңгені құрайтын 50 жоба «Ырыс МҚҰ» тарапынан қаржыландырылып, 38,5 млн. теңгені құрайтын 7 жобаның кепіл шартын тіркеу сатысындағы жұмыстары жүргізілуде.
Қаржыландырылған азаматтар бүгінгі таңда өзге облыстан сауынды сиыр және ірі қара мал сатып алу жұмыстарын жүргізуде.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жұмыстар әлі де жалғасуда.
Су шаруашылығы бойынша Бабайқорған ауылдық округінде екі жоба іске асуда. Атап айтқанда:
— Сасықбұлақ су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың қайта құру жұмыстарына (8,67 шақырым) және Ақтөбе су қоймасынан егістікке баратын тас арықтың құрылыс жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда (12,1 шақырым). Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін құрылыс жұмыстарын қаржыландыруға бюджетке ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, Оранғай ауылдық округіндегі «Қосқорған» су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге және Майдантал ауылдық округіндегі «Майдантал» су қоймасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.
Ауыл шаруашылығы демекші, Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында «Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз.
Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет.
Бұл салада ірі компаниялар көбірек болса, нақты серпіліс жасауға болады. Біз экспортты ұлғайта отырып, ішкі нарықты да ұстап тұруымыз керек. Сондықтан елімізге сапалы өнімді қажетті көлемде тұрақты ұсына алатын кәсіпорындар қажет. Отандық агрофирмалардың ірі компаниялар қатарына кіргені жөн болар еді. Сондай-ақ өзара тиімді шарттарды ұсынып, бұл жұмысқа халықаралық корпорацияларды белсенді түрде тарту керек.
Ет, сүт, астық өнімдерін терең өңдеу және өндірістік жылыжай шаруашылықтарын дамыту сияқты біз үшін болашағы зор бағыттарға басымдық берген абзал. Сонымен бірге өз еліміздегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының әлеуетін қаперден шығармаған жөн.
Осы ретте 100-ден астам ірі сүт-тауар фермасы салынып жатқан Солтүстік Қазақстан облысының жетістіктері көпке үлгі. Шаруалардың тәжірибесі мол, жем-шөп қоры да жеткілікті. Оған қоса байыпты қолдау шаралары қолға алынған. Осының бәрі тұтаса келе тәп-тәуір нәтиже беріп отыр. Құс фабрикаларын, көкөніс қоймаларын, ет өнімдерін шығаратын кәсіпорындар салған кезде осы тәжірибені басшылыққа алу керек.
Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау өте маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге қажет екені айқын көрінді. Оның келесі кезеңінде жеңілдетілген несие берумен шектеліп қалмау керек. Жеке қосалқы шаруашылық иелері өзара бірігуі қажет. Осыған қажетті жағдай жасалуы керек.
Машина-трактор паркінің әбден ескіріп, тозуы – күрделі мәселеге айналды. Қазір ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызы тозып тұр. Сондықтан жыл сайын оның 8-10 пайызын жаңартып отыру қажет. Бұл ретте еліміздегі техника өндірушілер мен шаруалардың да мүддесін ескерген абзал.
Қазір жаһандық бәсеке күшейіп тұр, тауар нарығында өзгеріс бар. Мұндай жағдайда өнім өткізу саясатына ерекше мән беруіміз керек. Жылдар бойы қалыптасқан ішкі және сыртқы нарықтағы орнымызды сақтап қалу айрықша маңызды. Үкіметтің алдында сыртқа шығарылатын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр. Қазақстанның тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиісті шаралар қабылдаған жөн.
Қазіргі ауыл шаруашылығы – жоғары технологиялы сала. Мұны білесіздер. Шаруаларды жер жағдайы немесе ауа райы емес, инновациялық амал-тәсілдер табысқа жеткізеді. Заманауи ғылымға сүйенбесе, ауыл шаруашылығы жай тоқырауға емес, құрдымға кетеді.
Агроғылымды дамыту және ең бастысы, оны ауыл шаруашылығында іс жүзінде қолдану үшін шаралар қабылдау қажет. Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығын зерттеу ісінің барлық сатысын қамтитын агротехнология хабына айналдыру керек.
Сондай-ақ шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық орнату керек. Біз жеке ғылыми-технологиялық бастамаларды қолдаймыз. Білім беру бағдарламаларын ауыл шаруашылығы талаптарына бейімдейміз.
Егін шаруашылығында маңызды реформа жасайтын кез келді. Егіс түрлерін көбейтуіміз керек. Сондай-ақ көбірек пайда әкелетін дақылдар еккен жөн. Суды көп қажет ететін егіс алқабын біртіндеп азайтып, бір ғана дақыл түрін егуді шектеу қажет. Диқандарды жергілікті тұқыммен қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар жаңа сұрыптарды шығарып, оны өсіру мәселесін шешкен жөн.
Мемлекеттің баға реттеу мәселесіне шектен тыс араласуы агроөнеркәсіп кешенін өркендетуге айтарлықтай кедергі келтіріп отыр. Бұл мәселені де шешу керек.
Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы ахуалды тұрақтандыру ісінде қазіргіден де маңызды рөл атқаруға тиіс. Бұл мекеме қажет кезде интервенция жасап, бағаның өсімін тежеп отырады. Азық-түлік корпорациясы нарықтағы жекеменшік иелерінің ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін, оны сақтайтын және сататын толыққанды желі құруына жәрдемдесуге тиіс» — деп атап өтті.
Жалпы өңірлік өнімге келсек, 2023 жылдың 7 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 30,7 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 111,5%-ға артқан (2021 жылдың 8 айында 27,5 млрд. теңге). Оның ішінде салалар бойынша атап өтсек:
Ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 22,9 млрд. теңгені құрады (2021 жылдың 8 айында 21,0 млрд. теңге), нақты көлем индексі 99,3%.
Өнеркәсіп саласында кәсіпорындар 5,5 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 млрд. теңгеге артты (2021 жылдың 8 айында 4,4 млрд. теңге). Нақты көлем индексі 107,3%.
Құрылыс жұмыстары 1,5 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 104,5%-ға артқан (2021 жылдың 8 айында 1,5 млрд. теңге).
Өткізілген тауарлар көлемі 737,1 млн. теңгені құрады, өсім 103,1%. (2021 жылдың 8 айында 570,0 млн. теңге).
«ANYQ.KZ»—ақпарат.