Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан ортақ пайдалануға арналған жайылымды қайтаруға байланысты биыл Сауран ауданы бойынша берілген жоспар 126,9 гектарды құрап отыр. Оның ішінде 48,5 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару арқылы, ал 78,4 мың гектар жер учаскесін меморандум арқылы қайтару жоспарланған.
Енді орындалуына келсек, мемлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың гектар жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулысы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың гектар жер учаскесіне шаруа қожалығы иелерімен келісімшарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы, жоспар бойынша орындалғаны 121 903,57 мың гектар жер учаскесін құрады.
Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған екен.
Сонымен қатар, әкімдік тарапынан жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа жалпы көлемі 891,06 гектар, жалпы саны 8 жер учаскесін қайтару туралы талап қою арыз жолданып, бүгінгі таңда сот өндірісінде қаралып жатыр.
Сауран ауданында мақсатына сай пайдаланылмайтын және жер заңнамасын бұза пайдаланып жатқан жер учаскелерін анықтау бойынша атқарылған жұмыстар туралы да тілге тиек ете кетейік. Сауран ауданы жер қатынастары бөлімі тарапынан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу барысында 15 жер пайдаланушы жалпы алаңы 2 808,4 гектар жер учаскесін мақсатына сай пайдаланбай жатқандығы және жер заңнамасын бұза пайдаланып Қазақстан Республикасы жер кодексінің 65,92,94-баптарының талаптарын сақтамағандығы, яғни жер учаскесін игерілмей жатқандығы анықталды. Анықталған жер учаскелері бойынша акт түзіліп, Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне пайдалану және табысталу заңдылықтарына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізуге және жер учаскесің қайтаруға ықпал жасау үшін хаттар жолданған.
Сөздің реті келгенде, Сауран ауданына қарасты ауылдық округтердің елді мекен шегінде өз бетінше тұрғын үй салып, жер заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жерлерді заңдастыру барысына да назар салсақ.
Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде өз бетінше тұрғын үй салып пайдаланып жатқан жалпы саны 1136 жер учаскесі анықталып, 22 тиісті мекемеге шара көру үшін жолданып, 11 жер учаскесі заңдастырылу үстінде.
2023 жылға жер қатынастары саласынан жер учаскесін сатудан аудандық, ауылдық округтер бойынша 303-101 төлем кодына түсетін түсімдер.
2023 жылғы 303-101 жер қатынастары саласынан жер учаскесін сатып алудан түсетін түсім бойынша жалпы қойылған жоспар 66 миллион 916 мың теңге болса, қазіргі уақытта 25 миллион 321 мың теңге бюджет есебіне түскен.
Жер учаскелерін жалдау құқығын сату бойынша сауда-саттықта (аукцион) сатылған жер учаскелері туралы да мәлімет бере өтсек. Сауран ауданының орталығы Шорнақ ауылдық округі аумағынан «госреестр» сайтына 4 жер учаскесі ұсынылып, нысаналы мақсатына сай көп пәтерлі тұрғын үйлер 2023 жылы 12 қыркүйекте ойнатылып, 2022-2023 жылдары Үшқайық ауылдық округінен 7 жер учаскесі, Ескі Иқан ауылдық округінен 1 жер учаскесі ойнатылып, жалпы 18 920 666 теңге бюджеттің кірісіне енді.
Сауран ауданы бойынша тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін кезетілік тәртібімен табыстау бойынша. Сауран ауданы қарасты ауылдық округтерде жалпы саны 27 мың азамат тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегіне тіркелген. Бүгінгі таңда Үшқайық ауылдық округі, Нұртас ауылы аумағынан дайын бос алаңшалар қатарынан 15 жер учаскесі тұрғындарға табысталған.
Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін конкурспен табысталған жер учаскелері бойынша мынадай мәліметті назарларыңызға ұсынғанды жөн санадық. 2023 жылы Сауран ауданы қарасты 9 ауылдық округтен жайылым жерлерді конкурспен табыстау бойынша жалпы саны 191 лот жарияланып, 191 жер, нақтырақ айтсақ, жалпы алаңы 1844 гектар жер учаскесі жалға берілген.
Тұтастай алғанда, Түркістан облысында жайылымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы тапсырмасының орындалу барысы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының ұдайы қадағалауында тұр.
Былтыр Түркістан облысында 412,2 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылса, меморандум арқылы 622,6 мың гектар жер елге ортақ пайдалануға берілген. Осылайша, 1 млн. гектардан астам жайылым тапшылығы шешімін тапқан.
– Жайылым жер тапшылығы мәселесін шешу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жалғастыру керек. Бұл – ел үшін аса маңызды. Бірнеше аудан, қала әкімдіктері тарапынан жерді қайтару жұмыстарында кемшілік анықталып отыр. Бекітілген жер телімдеріне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп, мақсатсыз пайдаланылған жерді мемлекетке қайтару үшін тиісті шараларды қабылдауды тапсырамын. Жайылым жерлерлерді конкурс арқылы беру барысында ең бірінші кезекте елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету ескерілуі қажет. Бұл күнделікті жұмыс болуы тиіс, – деген-ді Дархан Сатыбалды.
Еліміздегі жалпы мал басының 18 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Биыл өңірде жайылым тапшылығы 2122,2 мың гектарды құрады. Осы бағытта ортақ жайылымның көлемін ұлғайтып, елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру, аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын арттыру көзделген. Нәтижесінде 2024 жылға облыстағы жайылым тапшылығы төмендеп, 1107,8 мың гектарды құрайды.
Жыл қорытындысымен 333,2 мың гектар жер учаскесі ортақ жайылымға қайтарылып, елді мекендердегі жайылым жүктемесінен 681,8 мың гектар кемиді. Ортақ жайылым жерлерді қайтару барысы туралы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысының баяндамасы тыңдалды. Түркістан облысында жайылым жердің жалпы аумағы 8 млн. 860 мың гектардан асады. Шаруашылық жүргізуші кәсіпорындар үшін жайылым жер жеткілікті. Негізгі мәселе – мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылығында.Облыс әкімі көптің көкейіндегі мәселенің шешілуі қатаң бақылауда екенін айтты. Төрт түлігімен күн көрген ауылдағы ағайынға жетпеген жайылым проблемасына қатысты жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға ауыл тұрғындарын жайылымдық жерлермен қамтамасыз етуді тапсырған болатын. Өз сөзінде «Мен жайылымдық жер мәселесіне ерекше нараз аударғым келеді. Бұл жерлер бірінші кезекте ауыл тұрғындарына қол жетімді болуы керек» деп, мәселенің маңыздылығын нақтылаған. Бүгінгі таңда Сауран ауданында жайлымдарды халыққа қайтару жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтқанда, «Қолжетімді жайылым» жобасы аясында аудан прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе іс-шаралар жоспары әзірленіп, әрбір елді мекенді жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары дайындалып, қажетті жайылым жер телімдері қайтарылуда.
Бұл ретте аудан прокуратурасы арқылы ауыл тұрғындарының ауыл маңындағы жайылымға деген мұқтаждықтарын шешу мақсатында енгізілген қадағалау актілерінің нәтижесінде Жаңа Иқан ауылдық округінде 4072,2 гектар/29, Майдантал ауылдық округінде 3 788,2 гектар /27, Жібек жолы ауылдық округінде 12 350 гектар /52, Оранғай ауылдық округінде 1 274 гектар /23, Бабайқорған ауылдық округінде 1 147 гектар /6, Иассы ауылдық округінде 1 022 гектар /7, Ескі Иқан ауылдық округінде 7 935 гектар /167, Шаға ауылдық округінде 14 853 гектар /103, Үшқайық ауылдық округінде 4 920 гектар /18, Жүйнек ауылдық округінде 4 462 гектар /38 мемлекет қорына қайтару туралы аудан әкімінің қаулысы шығып, ортақ жайылымға енгізілуде. Жалпы алаңы 55 950 гектар /471 ортақ жайылымға алынуда.
Ағымдағы жылдың аяғына дейін аудан прокуратурасы арқылы елді мекендерді жайылыммен толық қамтамасыз ету жоспарлануда. Жайылым жер телімдерін қайтару аудан прокуратурасының ерекше бақылауына алынған.
Осындай-осындай нақты әрекеттердің нәтижесінде Сауран ауданында нысаналы мақсатына сай пайдаланылмаған жайылым жерлер мемлекет меншігіне қайтарылып, ортақ жайылым жер көлемі ұлғайып келеді.
Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлерді ҚР Жер кодексінің 82-бабына сәйкес, өз еркімен қайтару бойынша ауыл әкімдерімен бірлесіп, меншік иелеріне заң шеңберінде түсіндірме жұмыстар жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде 29 жер иеленуші жер телімдерінен бас тартып, жалпы көлемі 665,63 гектар жер телімі мемлекеттің арнайы жер қорына алу туралы Сауран ауданы әкімдігінің қаулысы қабылданды.
Сонымен қатар, ҚР Жер кодексінің 92-бабына сәйкес, пайдаланылмай жатқан, яғни, игерілмей жатқан жерлерді анықтау мақсатында Үшқайық, Жүйнек ауылдық округтерінен жалпы көлемі 4381,28 гектарды құрайтын 56 жер телімі анықталып, «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару» департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолданды.
Жалпы Сауран аудан бойынша 2022 жылы 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға қайтару жоспарланған болса, нақты 51,3 мың гектар жер ортақ жайылымға қайтарылып, жоспар артығымен орындалған. 2023 жылға жоспар 29,5 мың гектар белгіленген. Осы ретте жұмыс тобы зерделеу жұмыстарын жүргізіп, жайылыммен қамтамасыз ету сызбалары әзірленді.
Сауран ауданының жалпы аумағы 721,745 гектарды құрайды. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 388 843 гектар. Оның ішінде суармалы жерлер – 44 441 гектар болса, жайылым жер 344 402 гектарды құрайды. Елді мекен жерлері – 62 273 гектар; Өнеркәсіптік көлік, байланыс, қорғаныс жерлері және а/ш басқа мақсаттарда пайдаланылатын жерлер — 6729 гектар; Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері — 39424 гектар; Орман қорының жерлері – 66 145 гектар; Су қорының жерлері – 2 428 гектар; Арнайы жер қорының жерлері — 155 903 гектар.
Сонымен қатар, Сауран ауданынан Кентау қаласына 75 мың 552 гектар және Түркістан қаласына 4831 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер облыстық мәслихаттың шешімі беріліп, Үкіметтің қарауында.
Облыстық жер қатынастары басқармасы тарапынан аудан көлемінде 2022 жылға Сауран ауданына бекітіліп, берілген ортақ жайылымға жоспар болжамы жалпы: 48,5 мың гектар жерді елді мекенге ортақ жайылымға бекітіп беру, 78,4 мың гектар меморандум арқылы беру жоспарланған.
Жаңа Иқан, Жібек жолы, Майдантал, Оранғай, Бабайқорған, Ескі Иқан ауылдық округтері аумағынан 259 жер иелеріне тиесілі 27 973,7 гектар жер учаскесі мемлекет мұқтаждығына алынып, аталған ауыл округтерге ортақ жайылым үшін қаулы қабылданып, сәйкестендіру актісі рәсімделуде. Бұдан бөлек, 8 ауылдық округте 22,6 мың гектар жер телімдері ортақ жайылымға бекітіліп, сәйкестендіру актісі рәсімделген.
Аудан көлемінде 145 жер иеленушімен (алаңы 32,3 мың гектар) келісімшарт түзумен меморандум арқылы ортақ жайылымға келісілді. 2022 жылға бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, атқарылатын ортақ жайылым іс-шаралар жоспары жыл соңына дейін орындалады.
Сауран ауданында игерілмей, яғни пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» акционерлік қоғамының заман талабына сай космомониторинг жүйесі арқылы анықтау бағытында нәтижелі жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда «Қазақстан ғарыш сапары ҰК» акционерлік қоғамының алғаш рет космомониторинг жүйесі арқылы Сауран ауданында нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы 12 жер пайдаланушының жер учаскесі (жалпы алаңы: 1272,67 гектар) анықталып, зерделеу мақсатында егістікті анықтау актісі түзіліп, нәтижесі бойынша «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару» департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолданды.
Сонымен қатар, арнайы жер қорына қайтқан жерлер бойынша Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқан жерлерді ҚР Жер кодексінің 82-бабына сәйкес өз еркімен қайтару бойынша 48 жер иеленуші тиесілі 8391,63 гектар жер телімі, мерзімі аяқталған 233 жер иеленушіге тиесілі 15 391.9 гектар жер телімі, Жасыл белдеу аумағына енген 106 жер пайдаланушыға тиесілі 3443.3 гектар жер учаскесі арнайы жер қорына алынып, жалпы көлемі 27 226.83 гектар жер учаскесін құрап отыр.
Енді Түркістан қаласының айналасынан «Жасыл белдеу-2» құру мақсатында жоспарланған жер телімдері туралы тілге тиек етсем. «Жасыл аймақ» КММ-сі тарапынан жерге орналастыру жобасы әзірленіп, жалпы 12 381,03 гектар жер теліміне Сауран ауданы әкімдігінің мемлекет мұқтаждығына алудың басталуы туралы қаулысы қабылданған. Осы ретте 6193,62 гектар жер учаскесіне «Жасыл аймақ» КММ-сі мемлекеттік АКТ алған. Оның ішінде 6187,41 гектар жер учаскесінің ішінен қора жайлары бар, жеке меншік, «Жасыл аймақ» КММ-сі тарапынан ағаш көшеттері отырғызылып қойылған 745,64 гектар жер учаскесіне бағалау жұмыстары жүргізіліп, құжаттары толық жинақталып, жалпы суммасы 577 млн 151 мың теңгеге бюджеттік өтінім берілген. Қалған 5441,77 гектар жер учаскесіне тең көлемде немесе баламалы жер ұсынылуда. Алайда, аталған жер телімдерінің жанында жер иелерінің қора жайлары орналасуына байланысты біршама мәселелер туындауда.
Түркістан облыстық Жер қатынастары басқармасы тарапынан өткен жылға ортақ пайдалануға Сауран ауданы бойынша берілген жоспар 126,9 гектар болатын. Оның ішінде 48,5 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару арқылы, 78,4 мың гектар жер учаскесін меморандум арқылы қайтару жоспарланған еді.
Мемлекет меншігіне қайтару жолымен 58,6 мың гектар жер учаскесіне мемлекет мұқтаждығына алу туралы қаулысы қабылданған. Сонымен қатар 61,8 мың гектар жер учаскесіне шаруа қожалық иелерімен келісім-шарт түзумен меморандум арқылы елді мекеннің ортақ жайылымына келісілді. Жалпы жоспар бойынша орындалғаны 120,4 мың гектар жер учаскесін құрады. Осы күнге дейін Сауран ауданына қарасты ауылдық округтерде ортақ жайылым үшін жалпы 22665,0 гектар жайылым жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты (ГОСАКТ) алынған.
«Алдағы уақытта мемлекет мұқтаждығына алу жұмыстары толығымен аяқталған соң, әр ауылдық округ әкімдігінің меншігіне берілетін болады», – дейді аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаева.
Облыстық Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының міндетін атқарушы Б.Досжанов және облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Е.Тілеген «Жер аманаты» комиссиясында Сауран ауданы бойынша бірқатар кемшіліктерге тоқталып өтті.
Сауран ауданы бойынша жайылым жер учаскелерін түгендеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ИСЖ базаға мал басы тіркелмеген 358 жер иелеріне тиесілі 29 993 гектар жер телімі анықталған. Осыған орай, Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолданған.
Атап өтер маңызды жайт, елді мекендердегі жергілікті халықтың шаруашылығындағы мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылын жою ұдайы басты назарда тұр. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өтетін маңызды жиындарда әркез талқыланады. Облыс басшысы берілген тапсырманы өз деңгейінде орындамаған аудан, қала әкімдерін сынға алады. Мәселен, таяудағы бір жиында инспекция мен облыстық прокуратураның мәліметі екі түрлі екендігін, нақтылау жұмыстарын жүргізіп, қағаздағы мәлімет пен іс жүзіндегі жұмыстар сай келуі керектігін ескертті. «Ауыл шаруашылығы саласы – экономикамыздың басты драйвері. Сондықтан бұл саланы дамыту да, халыққа қолайлы жағдай жасау да өте маңызды. Бұл мәселе — тұрақты бақылауда», – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, аудан, қала әкімдіктері тарапынан 110,5 мың гектар жайылым жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылған. Сонымен қатар шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру мақсатында босалқы жердегі жайылымдарды шалғайдағы жайылымға бекіту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі бойынша шалғайдағы жайылымға шығару жобасы әзірленіп, жұмыстары атқарылуда.
2023 жылға ортақ жайылым көлемін 2 бағыт бойынша 1 015,0 мың гектарға ұлғайту жоспары бекітіліп, аудан, қала әкімдіктеріне тапсырма берілді. Бірінші бағыт бойынша 333,2 мың гектар жер учаскелерін мемлекет меншігіне ортақ жайылымға қайтару көзделген. Екінші бағыт бойынша жалпы ортақ жайылым қажеттілігінен 681,8 мың гектарға төмендету, яғни елді мекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру және аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын құру бағыттарында жұмыстар жүргізу жоспарланған.
Жер учаскелерін қайтару жұмыстары облыс әкімдігімен бекітіліп, кестеге сәйкес жүргізілуде. Ортақ жайылымға қайтарылған жер учаскелерін 2023 жылға бекітілген жоспардың орындалуы тұрақты бақылауға алынып, жыл қорытындысымен толығымен орындалатын болады.
Айта кетейік, 2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1 012,0 мың гектар ұлғайту жоспарланып, жыл қорытындысына сәйкес елді мекен тұрғындары 1 034,8 мың гектар ортақ жайылыммен қамтамасыз етілген болатын.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.