Түркістан облысы: Отырар ауданында органикалық тәсілмен егілген жүгері алқабынан мол өнім алу межеленіп отыр

Отырар ауданының Талапты елді мекенінде орналасқан «Марғұлан» шаруа қожалығы базасындағы жүгері алқабында 20 гектар аумақта жүгері егілген. Шаруа қожалығының иесі Бекжан Ибашев жиырма күн ішінде жиын-терім жұмыстары басталатындығын мәлімдеді.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылған «Агро-кеңес беру орталығы» жетекшісі Нұрлыбек Боранбаевтың айтуынша, биыл шаруаның “Пионер” сортты жүгері собығынан мол өнім алуға мүмкіндігі жоғары. Себебі, демонстрациялық алаңшада дақылдарды органикалық негізде өсіруге маңыз беру арқылы өнім алынады.

Айта кетейік, кәсіпкерлер палатасының пилоттық жобасы химиялық тыңайтқыштардан бас тартып, толық органикалық тәсілмен өнім алу шаруалар үшін тиімді. Демонстрациялық алаңдарының мақсаты – агроқұрылымдардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin