Шымкентте 13 мемлекеттік емхана бар

Шымкент қаласында 13 мемлекеттік емхана халыққа медициналық көмек көрсетуде. Барлық емханаларда қызмет тіркеу орнынан басталады. Туындаған барлық сұрақтарға толық жауапты сол жерден алуға болады. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде айтты.

Сонымен қатар емханаларда қосымша инфобокстар орнатылып, келушілердің өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы ұйымдастырылған. 1 қабатта пациенттерді қолдау қызметі, фронт-офис, комплеанс-офицер барлық туындаған сұрақтарға жауап береді. Мәселен; емханаға тіркелу және қандай қызмет түрлері, жұмысқа байланысты учаскені ауыстыруға, тегін дәрі-дәрмектер туралы және т.б. ақпараттарды комплеанс-офицердің нұсқаулығына сүйене отырып ала аласыз.

Әр қабатта фойелерде сенім телефондары ілулі тұр, әр дәрігердің есігінде емхана және сол дәрігердің QR коды арқылы арыз-шағым, алғыс және т.б. өз пікірлеріңізді қалдыруларыңызға мүмкіншіліктеріңіз бар. Сондай-ақ ДСБ, ФСМС, Фармкомитет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттерінің сенім телефондары қол жетімді.

Жұмысқа орналасу бойынша тоқталып өтсем: егерде вакансия болса заң бойынша 3 жұмыс күні ішінде ЕҢБЕК кз сайтына бос орын бойынша мәлімет орналастырылады, тек жұмыспен қамту орталығына тіркелген азаматтар ғана жолдамамен келеді.

Бүгінде денсаулық сақтау саласында кадр мәселесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатынада бір қатар қарқынды жұмыстар атқарылуда.

Бүгінде қаладағы медицина ұйымдары арасында жалпы денсаулық сақтау саласындағы жемқорлыққа әкелетін факторларды алдын алу мақсатында 11 жоба қолға алынып, 5-жоба пилоттық режим негізініде жүргізілуде.

Медицина мекемелеріне жұмысқа қабылдауды ашық және объективті өткізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша жою мақсатында Денсаулық сақтау басқармасы 2022 жылы 8 қыркүйекте №38-02-04/3956 санды шығыс хатпен қалалық Цифрландыру басқармасымен бірлесе отырып қазіргі уақытта «i-shymkent.kz» порталы арқылы НR-процесс жүйесін жүргізу қолға алынып, интеграциялау жұмыстары жүргізілген.

 

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin