Түркістан облысы: Саурандықтар тамшылатып суару технологиясын қолданып жатыр

Сауран ауданында су үнемдеу технологиясын өндіріске енгізу қолға алынуда. Егістік пен бақшалықты тамшылатып суғару және егістік жерлерді жаңа технология жаңбырлатып суару бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

Осы бағыт бойынша Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Мұрат» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Сұлтанбаев жылыжай кешенінде тамшылатып суғару арқылы 0,75 гектар жерге қияр, 1,5 гектар аумаққа болгар бұрышын егіп, өсіруде.

Кәсіпкер орташа маусымдық «Ринда F1» қырыққабат өнім түрін 1,5 гектар жерге егуді жоспарлауда. Бүгінгі таңда жылыжайдың бірінші айналымнан 25 тонна қиярдан өнімі алынды. Алдағы уақытта 70 тонна өнім алуды көздеп отыр. Шаруа қожалығы күніне 10 адамды маусымдық жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ жергілікті жұртшылықты экологиялық таза өнімдерін ұсынуда.

Су демекші, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының әлеуметтік парақшасына Сауран ауданындағы Жүйнек ауылдық округінің тұрғыны Хусан Мамедов сауал жолдаған болатын. Аудан басшылығы азаматтың жазған сауалына төмендегідей жауап жолдапты:

«Жүйнек ауылдық округіне 2023 жылы Шыпан, Жүйнек, Шекербұлақ елді мекендерінің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында елді мекендерде орнатылған су мұнараларын іске қосу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстық Энергетика басқармасы тарапынан Жүйнек елді мекенінің жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүргізу қарастырылған және қосымша жөндеу жұмыстарын қажет ететін Айтхожаев, Қуаныш, Байтерек көшелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына аудан тарапынан сметалық құжаттама әзірленіп, кезекті сессияға қаражат бөлуге өтінім жолданды».

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin