Түркістан облысы: Сауран ауданында биыл 30-ға жуық көшеге асфальт төселеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға дейін сапасы жақсы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу керегін айтқан болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды маңызы бар жолдардың құрылыс барысын тұрақты бақылауға алған. Сауран ауданында аталған көрсеткішке жету үшін қарқынды жұмыстар атқарылып келеді.

Биыл «Ауыл — Ел бесігі» жобасы аясында Сауран ауданындағы 29 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа асфальт төселмек. Нәтижесінде жыл соңында аудандағы қанағаттанарлық жолдардың сапасы 69 пайызға жетеді. Бұдан бөлек, аудандағы 48 шақырым топырақ жолға тас төсеу жұмыстары атқарылуда.

Сонымен қатар, қазіргі таңда аудандағы облыстық маңызды КХ-58 «Бабайқорған-Қарнақ-Кентау» автомобиль жолы мен көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Еске сала кетсек, наурыз айында жауын салдарынан аудандағы КХ-58 «Бабайқорған-Қарнақ-Кентау» автомобиль жолы бойындағы көпірді су шайып, өтпелі плиталары опырылып құлаған. «Оңтүстік жолдары» МКК тарапынан уақытша айналма жол ұйымдастырылып, көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Атқарылған жұмыстарға 5 техника мен 10 жұмысшы жұмылдырылған.

Айта кетсек, ауданда 105 шақырымды құрайтын республикалық, 326 шақырымдық облыстық, 119,3 шақырымды құрайтын аудандық маңызды автомобиль жолдары бар.

Аудан бойынша жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 1260 шақырымды құрайды. 105 шақырым республикалық маңызы бар жол болса, 325 шақырымы — облыстық және 119,3 шақырымы — аудандық жол, елді мекендердегі жол 731 шақырымды құрайды.

Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров «Ауыл  — Ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеуден өтіп жатқан жолдарды бақылады. Аталған жоба негізінде Майдантал ауыл округіне қарасты Қаражон елді мекеніндегі Төрткүл көшесі 1,2 шақырым, Ақсарай көшесі 1,9 шақырым, Құсшы ата көшесі 2,36 шақырым жөнделуде. Сонымен қатар, Ақсай көшесі 2,1 шақырым, Ынталы елді мекеніндегі Б.Момышұлы көшесі 2 шақырым, Т.Рысқұлов көшесі 2 шақырым және И. Жансүгіров 1 шақырымды құрайтын көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын «Altai building» ЖШС атқаруда. Бұл жұмыстар ағымдағы жылдың тамыз айына дейін аяқталады.

Жөндеу жұмыстары аяқталғанда, аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы 20% жақсарып, жалпы көрсеткіш 85%, ал елді мекен жолдары аяқталғанда, жақсы және қанағатты жағдайы 5,4% жақсарып, жалпы көрсеткіш 70% жетеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin