Түркістан облысы: Сауран ауданында «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» тақырыбындағы кездесу өткізілді

Үшқайық ауылдық округінде «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл бақыт ел үшін» тақырыбындағы кездесу болып өтті. Жиынға аудан әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Ергешбайұлы, “Қоғамдық келісім” мекемесінің Сауран аудандық филиалының басшысы Арсылан Серікұлы, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті дербес бөлім басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.

Шараның мақсаты Сауран ауданында өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкілдері арасындағы татулықты нығайту, этносаралық кикілжіңдердің алдын-алу, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету болып табылады.

Алғашқы баяндаманы «Қоғамдық келісім» мекемесінің Сауран аудандық басшысы жасады. Сонымен қатар, Үшқайық ауылдық округінің Ақсақалдар алқасының төрағасы Оңлас Опабековке сөз берілді. Онда қоғамды демократияландыруды тереңдету, оны топтастыру, азаматтық татулықты, тұрақтылықты, әлеуметтік жаңғыртуды, этносаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету негізінде қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті одан әрі нығайту бағытында сөз қозғалды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin