Түркістан облысы: Премьер-министрдің орынбасары Бадам ауылдық округіндегі кәсіпорындарда болды

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Бадам ауылдық округіндегі “Бөрте милка” сүт-тауарлы фермасында және “JNRAY GROUP” тігін фабрикасында болды.

Вице-премьер аталған кәсіпорындардың жұмысын оң бағалап, мемлекет тарапынан көрсетілген көмектердің тиімді және мақсатты жүзеге асырылып жатқанына алғысын білдірді. Сондай-ақ бірнеше адамды жұмыспен қамтып және отандық өнім өндіріп отыоған кәсіпорындардың ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесінің зор екенін ерекше атап өтті. Одан бөлек өндірістік қуаттылық арттыру бағытында жұмысты жандандыру мәселесі сөз болды.

Сондай-ақ Серік Мақашұлы кәсіпкерлермен тілдесіп, олардың мемлекеттік қолдауға байланысты ұсыныс-тілектерін тыңдады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin