Түркістан облысы: Президент кеңесшісі Созақ ауданына жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесті

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев және Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев ауданға жұмыс сапарымен келіп, тұрғындармен кездесті.

Аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет үйінде ауданның зиялы қауым өкілдерімен өткен кездесуді аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ашып, жүргізіп отырды.

Президент кеңесшісі жиынды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен зор ықыласын жеткізуден бастады. Сондай-ақ Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында көтерілген мәселелерге жан-жақты тоқталып, кең көлемде түсіндіріп өтті. Ауданның зиялы қауым өкілдерімен ашық әңгімелесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Сонымен қатар, Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының жұмысымен танысып, Созақ аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ ғимаратында аудан жастарымен кездесті. Кездесуде қазақтан шыққан ақын-жазушылардың шығармаларына тоқталды. Жастарды көп ізденуге шақырып, елімізде жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жүріп жатқан мемлекеттік бағдарламаларды тарқата айтып өтті.

Одан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аудандағы діни қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда қоғамдағы діни қызметкерлердің рөлі мен руханият саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар еркін тақырыпта пікір алмасып, ойларын ортаға салды. Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев қойылған сауалдарға толыққанды жауап беріп, айтылған ұсыныстарын назарға алды.

Еске салайық, Мәлік Отарбаев 1980 жылдың 2 ақпанында Жамбыл облысы, Байзақ ауданының (бұрынғы Свердлов) Ақжар ауылында дүниеге келген. 

 2001 жылы Сүлейман Демирел атындағы университетінің Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін, 2006 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат факультетінің аспирантурасын бітірген.

2006-2012 жылдары – «Диалог Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас редакторы.

2012-2014 жылдары – Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағының басқарма хатшысы және сыртқы байланыс бөлімінің меңгерушісі.

2014-2016 жылдары – Қазақстан Респібликасы Мәдениет және спорт министрлігінің Халықаралық ТҮРКСОЙ түркі мәдениетін дамыту ұйымындағы өкілі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы.

2018-2019 жылдары – Түркістан облысының әкім орынбасары.

2019-2020 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының ғылыми-әдістемелік қызметінің басшысы.

2020 жылы – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры.

2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры.

2021-2022 жылдары – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры, Басқарма басшысы-Ректорының кеңесшісі.

2022 жылғы 27 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Атташе дипломатиялық дәрежесіне ие.

«Ерен еңбегі үшін» (2021 жылы) медалімен марапатталған.

Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin