Түркістан облысы: Отырар ауданында ауыл шаруашылығы саласына байланысты «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары» бойынша, ауыл шаруашылығы техника иелеріне ауыл шаруашылығы техникасын құжаттарын рәсімдеу (тіркеу, қайта тіркеу, жүргізу куәлігін алу, жүргізу куәлігін создыру, техбайқаудан өту, кепілге қою және кепілден шығару) және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және ауыл шаруашылығы техникасын алуда мемлекеттік қолдау (субсидиялау) туралы «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара халықтың нысаналы топтарына түсіндіруге және мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді, оның барысында көрсетілетін қызметті алушылардың проблемалық мәселелері және оларды шешу мүмкіндіктері талқыланды.

Сонымен қатар, қабылдау барысында азаматтарға үйден шықпай интернет байланысы арқылы немесе ауыл округі әкім аппараттарында орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышымен» мемлекеттік қызметтерді алуда е-лицензия порталы арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын құжаттарын рәсімдеу және gocagro.kz порталы арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде мемлекеттік қолдау алуға өтінішпен бірге тиісті құжаттар тізілімін жолдау тәсілдері көрсетілді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin