Түркістан облысы: Бүгінде Отырар ауданында өндірілетін ұлттық сусын – шұбат бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр

Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы ауыл округтеріне жұмыс сапары барысында Шытты елді мекеніндегі фельдшерлік-акушерлік тіректің құрылыс жұмыстарымен танысты.

«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан медциналық нысан облыстық бюджеттің қаражаты есебінен бой көтеруде. Бұл нысан бұған дейін ауыл тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген мәселенің бірі болатын. Бүгінде тұрғындардың ұсыныс-пікірлері ескеріліп, кезең-кезеңімен іске асып келеді.

Аудан басшысы мердігер мекеме «Real Story Invest» ЖШС-нің мамандарына құырылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді тапсырып, жауапты сала басшыларына бақылауға алуды жүктеді.

Мұнан соң «Көкмардан» жалпы білім беретін орта мектебінің жай-күйімен танысып, ауыл ардагерлерімен кездесті. Елді мекендегі оқу ордасы 1980 жылы салынған. Білім ұясында 691 оқушы білім алады. Ағымдағы жылы мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қабырғалары жаңартылатын болады. Аудан басшысы жөндеу жұмыстарын уақытылы аяқтап, жаңа оқу жылына дайын болу керектігін ескертті. Кездесу барысында Сарыкөл елді мекенінің тұрғыны, ауыл биі Орынбасар Досов аудан әкімінің алдағы жұмыстарына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Одан бөлек «Отырар-Сүт-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік коперативінде болып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу жұмыстарын аралап көрді.

Отырар ауданында өндірілетін ұлттық сусын – шұбат бүгінде бүкіл Қазақстан нарығын қамтып отыр. Ұлттық брендіміздің бағасы қалтаға қонымды, сапасы жоғары. «Отырар-Сүт-Ет» ауыл шаруашылығы өндірістік коперативі күніне 2500-3000 литр түйе сүтін өндіреді. Мұнда қазір жалпы саны 12 адам жұмыспен қамтылған.

Аралау барысында аудан әкімі өндірістік орнының жұмысына оң бағасын беріп, өндірісті одан әрі дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin