Түркістан облысы: Созақ ауданындағы ауылдық округтер мен кенттерге 11 дана электрлі көтергіш машиналары табысталды

Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков аудан аумағындағы ауылдық округтер мен кенттерге 11 дана электрлі көтергіш машиналарын табыстады.

Бағаналардағы көше жарықшамдарын алмастыру мен ауылдарға кіреберіс тұстағы аркаларды безендіру сынды жұмыстарды оңтайландыру мақсатында жеткізілген жаңа қондырғылардың тиімділігімен жан-жақты танысты. Округ әкімдеріне ендігі кезекте ішкі көшелердегі жарықшамдардың сөніп қалуы сынды мәселелер болмауы керектігін қатаң ескертті.

Реті келгенде атап өтер жайт, 2024 жылға аудандық бюджет есебінен елді мекендерді жарықтандыруға 10 ауылдық округке (57 көшеге) 425 миллион 573 мың теңге бөлінді (Шолаққорған, Жартытөбе, Құмкент, Сызған, Созақ, Қарағұр, Қаратау, Жуантөбе, Шу, Таукент).

Айта кетейік, жоғарғы кеңістіктегі жұмыстарды оңтайландыратын жаңа машиналар ауданға облыс көлемінде алғаш болып алынып отыр. Бұған дейін аудандағы елді мекендердің арасы шалғай орналасқандықтан, істен шыққан жарықшамдарды алмастыруға немесе қажеттілігіне қарай өзге де жұмыстарға жүк көтергіш машиналарының жетіспеуі сынды мәселелер туындап келді.

Бұл жөнінде аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлының тұрғындармен өткен есептік жиындары мен БАҚ беттерінде жиі көтерілді. Аудан басшысы аталған мәселелерді оңтайландыру жолын қарап, әр ауылдық округке электрлі көтергіш машинасын алуды қолға алды.

Жаңа қондырғылардың салмағы 1,5 тоннаны құраса, 12 метрге дейінгі биіктікке көтеріледі. Платформаның көлеміне байланысты бір адам немесе жұмысшылар тобы бір уақытта жұмыс істей алады. Кез келген көлік түріне жегіп, тасымалдауға ыңғайлы етіп жасалған.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin