Бүгін Созақ аудандық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, ауыл, кент округ әкімдері, бөлім, мекеме мен құқық қорғау органдары басшылары, ардагерлер, ақсақалдар кеңесінің төрағалары және қоғамдық ұйым мен аудандық аумақтық сайлау комиссисының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың төрағасы Ордабек Жәмиев жүргізді. Сессияда аудан әкімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы хабарлама жасады. Әр салаға жеке-жеке тоқталып, атқарылып жатқан жұмыстарды толыққанды баяндады. Сондай-ақ, Созақ аудандық білім бөлімінің, аудан әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі мен Жуантөбе ауылдық округі әкімінің есебі тыңдалды.
Сонымен қатар, әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Дулат Байзақов хабарлама жасап, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комссия құрамына өзерістер енгізу мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнінде комссия құру туралы аудан әкімі аппараты заң және ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Ұлжан Шекеева баяндады.
Бұған қоса Созақ аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған ауылдық округтер мен кенттердің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөнінде ауылдық округтер мен кент әкімдері хабарлама жасап, жалпы сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.