Түркістан облысы: Ордабасы ауданының әкімі Қараспан ауылдық округіне барды

Қараспан ауылы екі өзеннің — Бадам және Арыстың тоғысқан жерінде орналасқан. Мұнда қазір бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып, бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Алдымен ағымдағы жөндеуден өтіп жатқан білім ғимараттарын аралап, сапасына мән бере отырып, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды.

Аудан әкімінің алдыңғы іссапары аясында Қараспан ауыл округіне қатысты біршама тапсырмалар берілген болатын. Бүгінгі күнде мектепке барар жолдың көше жарығы мен жол қиылысындағы бағдаршам іске қосылып, орталық көшесінің аяқжол құрылысының жұмыстары басталды.

Аудан басшысы алдымен білім ғимараттарының оқу жылына дайындығын бақылау мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандардың басы-қасында болып, ондағы жауапты мердігерлермен кездесті. Күн күттірмей, жұмыс қарқынын күшейтуді және атқарған жұмыстардың сапасына аса мән беруді тапсырды. Одан бөлек елді мекендер ішіндегі көшелерге төселген асфальт жолдарын көріп, құрылысы аяқталған спорт, балалар алаңшаларының жан-жағын абаттандыру тазалық мәселелері бойынша жедел қолға алуды тапсырды. Одан бөлек, арнасы бұрылған Арыс өзенінің қазіргі жағдайы жазғы шомылу маусымында тұрғындарға қауіпсіздігін реттеу бойынша бақылау керектігін айтты.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin