Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар адамдардың дауыс беруіне жағдай жасалған

Шымкентте ерекше қажеттіліктері бар 3615 сайлаушы тіркелген және оларға ыңғайлы болу үшін сайлау учаскелерінде барлық қажетті жағдайлар жасалған.

1512 мүмкіндігі шектеулі азамат үшін 28 мамандандырылған инватакси жұмыс істеуде және оларды учаскелерге тасымалдауды қамтамасыз етеді.

Есту қабілеті бұзылған 1423 азаматқа 65 сурдоаудармашы көмектеседі және оларды учаскелерде ертіп жүреді.

Көру қабілеті бұзылған 680 тұрғындарға дауыс беру үшін ыңғайлы және қолжетімді болуы үшін тактильді жолдар, үлкейткіштер, Брайльді бюллетеньдер, құлаққаптар және басқа да арнайы құрылғылар орнатылған.

Айта кету керек, Шымкент қаласында тұрғында АЭС құрылысы жөніндегі референдумға белсенді түрде қатысып жатыр. Дауыс беруге келген адамдардың жүзінен мерекелік көңіл-күй сезіліп тұр.

Шымкентте барлық 344 сайлау учаскесі сағат 7-00 де ашылды, онда шымкенттіктер атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өз пікірлерін білдіре алады.

Шымкентте 18 жасқа толған қаланың 660 563 тұрғыны дауыс беру құқығына ие.

Шымкентте референдум үшін барлығы 344 учаске бар, оның 23-і жабық, бұл азаматтардың ерекше санаттары үшін дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin