Шымкент: Комплаенс қызметкерлеріне кезекті оқыту семинары өтті

Комплаенс қызметтері — сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйенің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Комплаенс қызметкерлеріне заң үстемдігіне, өзара сенім мен ашықтыққа негізделген жауапкершілік миссиясы жүктелген.

Соңғы жылдары антикордың бастамасымен кәсіпорындар мен ұжымдарда офицер-комплаенс лауазымы енгізілген болатын. Комплаенс-офицер қызметінің негізгі мақсаты мекеме және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
Нақтырақ айтқанда  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге ол сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалап отырады.  Мамандардың айтуынша, комплаенс-офицер лауазымын енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және ішкі бақылауды оңтайландыру саласындағы қолданыстағы халықаралық стандарттарға сәйкес тиісті бизнес-процестердің үйлесуін және оларды бақылауды жеделдетеді деп күтілуде.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жергілікті комплаенс қызметкерлеріне кезекті оқыту семинары өтті. Комплаенс мектебі аясындағы дәстүрлі оқыту семинарына квазимемлекеттік сектордың комплаенс офицерлері қатысты.

Шымкент қаласы әкімі аппараты басшысының орынбасары Бағлан Асанбаев бұл бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Оқыту семинары жыл сайын, дәстүрлі форматта ұйымдастырылып келеді. Б.Асанбаев комплаенс офицерлері белсенді жұмыс істесе, жемқорлық фактілерін азайтуға мүмкіндік бар екенін айтты. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгінде ашықтық, әділдікті қамтамасыз ету назарда тұр.

Бүгінгі семинарда квазисектор саласында қоғаммен байланыс орнатуда тиімді коммуникация дағдыларының өзектілігі, жобалық менеджмент жүйесін квазисектор саласына енгізудің өзектілігі тақырыбы қамтылды. ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының доценті Сәуле Рысбаева коммуникация дағдыларының әдіс-тәсілдерін жан-жақты түсіндіріп берді. Қазіргі таңда ашықтық, айқындық қағидалары өзекті болып отыр.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin