Шымкент: Креативті индустрия кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуге бағытталған жәрмеңкелер үздіксіз ұйымдастырылады

Қарқынды дамып жатқан әлемдік креативті экономика жағдайында Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы Креативті индустрия ассоциациясымен бірге жергілікті кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған бірқатар жәрмеңкелерді сәтті түрде өткізді.

Қолөнер өнімдерін презентациялау мен сатудың платформасына айналған іс-шара 2024 жылдың шілдесінен бастап қыркүйек айына дейін әр сенбі сайын Арбат жаяу жүргіншілер алаңында өткізілді.

Іс-шараға қолөнершілер, тоқымашылар, дизайнерлер және суретшілер секілді 25-тен астам шеберлер қатысып, өз өнімдерін сатылымға қойды.

Көрсетілген кезеңде 1450 тауар сатылып, табыстың жалпы құны 2 780 000 теңгені құрады.

Аталған жәрмеңкелердің басты мақсаты креативті индустрия кәсіпкерлерінің өз өнімдерін сәтті түрде монетизациялауына қолдау көрсету болды.

Ауа-райының суытуына байланысты жәрмеңкенің маусымы жабық деп жарияланады. Алайда, қаладағы креативті индустрия саласына қолдау көрсету және дамыту бойынша өз миссиямызды жалғастыра отырып, аталған іс-шараны 2025 жылдың көктемінде қайта жандандыру жоспарлануда.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin