Шымкент: Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында мерекелік іс-шара өтті

Шымкент қаласында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында Шымкент қалалық корей этномәдени бірлестігінің ұлттық салт-дәстүрі, мәдениетті, тілін сақтауға және дамытуға ықпал ететін қалалық корейлер қауымдастығының 35 жылдығына арналған мерекелік концерті өтті. Жиынға келген қонақтарға корейлердің Қазақстанға қоныс аударуынан сыр тартатын тарихи фотосуреттер мен құжаттардан жасақталған көрме ұсынылды, деп хабарлайды Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.

Мерекелік жиынға Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Ғ.Махан, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары З.Үсіпахметов, қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Әмзеева, ҚХА Төрағасының орынбасары, Қазақстан корейлері қауымдастығының төрағасы Ю.Шин, Корей Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қызметкерлері, қалалық ҚХА мүшелері мен қоғамдық құрылымдардың жетекшілері, жергілікті корей этносының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Корейлер қауымдастығын мерейлі мерекемен құттықтаған Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Қазақстандық корейлердің еліміздің өсіп-өркендеуіне үлес қосып, тұғырлы татулық жолын жалғап жүргенін тілге тиек етті.
– Осыдан 35 жыл бұрын республикада алғашқылардың бірі болып Шымкентте корей этномәдени орталығы өз жұмысын бастаған болатын.

Үш онжылдықта орталық белді қауымдастыққа айналып, бүгінде еліміздегі түрлі байыпты бастамаларға үнемі қолдау көрсетіп, қазақстандық патриотизмді дамыту, ел бірлігін бекемдеу, қоғамдық келісімді сақтау бағытындағы сындарлы саясаттың іске асуына сүбелі үлес қосып келеді, – деді Ғ.Махан.

35 жылдық қарсаңында арнайы дайындалған кітаптың тұсауы кесілді. Қалалық корейлер қауымдастығының төрағасы Ю.Панның айтуынша, Шымкенттегі корейлер қауымдастығының бастамасымен әзірленген кітапта Қазақстандық корейлердің тарихы мен олардың осында өсіп-өркендеуіне ерекше назар аударылған.

Сондай-ақ, жиында Шымкенттегі корейлер қауымдастығының бастамасымен жасалған кітаптың тұсаукесері болды.
Мерекелік іс-шара соңында Шымкент қалалық корейлер қауымдастығының бірқатар белсенді мүшелеріне Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хаты табыстады.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin