ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қашанда халық денсаулығын жақсарту,медицина саласын дамытуға қатысты нақты міндет жүктеп,оны орындауға қатысты тапсырма беруде.
Елдегі медицина саласын дамыту – Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар әкеліп, жеке меншік медицинаға зор пайдасын тигізді. Биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 3,3 триллион теңге қаржы бөлінді. Мемлекет басшысы жыл сайынғы жолдауда денсаулық сақтау саласына қажетті реформалар мен жобаларды ұмыт қалдырған емес. Себебі халықтың денсаулығы өзекті мәселе.
Шымкентте де денсаулық саласында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен қаладағы “Асар” шағын ауданында жедел жәрдем станциясының жаңа бекеті ашылды.
Жаңа шағын станция халыққа жедел медициналық жәрдем қызметтерінің қолжетімділігі мен жеделдігін жақсарту мақсатында ашылған.
Бұл бекеттегі жедел жәрдем бригадасының қызмет көрсету аумақтары: Асар, Шымсити, Тұран1, Тұран2 шағын аудандары болады. Қазіргі уақытта қосалқы станцияда 5-бригада жұмыс істейді. Оның ішінде 1-мамандандырылған дәрігерлік, 4-фельдшерлік бригада .
Бүгінде қаладағы жедел медициналық жәрдем станциясында барлығы 104 бригада жұмыс істейді, оның ішінде 28 мамандандырылған дәрігерлік, 76 фельдшерлік.
«ANYQ.KZ-ақпарат»