Шымкент: Қала басшысы екі баласы бар отбасыны құтқарып қалған слесарды марапаттады

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков⠀өзінің батылдығы мен жедел әрекетінің арқасында екі кішкентай баласы бар отбасының өмірін аман алып қалған қарапайым дәнекерлеуші⠀Ермахан Маңқараевты салтанатты түрде марапаттады Қала әкімі⠀қайғылы оқиғаның алдын алған газ⠀қызметкерінің⠀қырағылығы⠀мен кәсібилігін атап өтіп, алғысын білдірді. ⁣⁣⠀

Ал қарапайым газ жабдығын тексеру барысында⠀шынайы ерлікке айналған оқиға 14 қазанда орын алған. Ермахан Манқараев белгіленген мекенжай бойынша шақырту алып, көршінің өтінішімен оның пәтеріндегі газ жабдығын тексеруге келіседі. Тексеру барысында ол көміртегі тотығының қауіпті деңгейін анықтап, дереу шара қолданған.⁣⁣⠀

Есікті қосалқы кілттермен ашқанда балалар ес-түссіз, ал анасы ауыр күйде жатқан. Ермахан Манқараев көміртегі тотығы деңгейін тексергеннен кейін құрылғыларды бірден ажыратып, терезелерді ашып, балаларды құтқара бастаған. Тынысы жоғалған ұлдарға жансақтау әрекеттерін, жанама жүрек массажын жасағанда олардың дем ала бастағаны байқалған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен дәрігерлердің айтуынша, слесардың сауатты әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Отбасы ауруханаға көміртегі тотығымен ауыр уланумен түсті.

Астана қаласынан Шымкентке демалысқа келген зардап шеккен отбасы Ермахан⠀мен⠀басқа да көмек көрсеткен жандарға алғысын білдірді: «Егер Ермахан аға және басқалар болмағанда, біз қазір тірі болмас едік», — деді балалардың анасы.⁣⁣⠀

Пәтердегі қауіптің көзі — қарапайым газ бағанасы болған, мұржасы қоқысқа толы болған.

Әкімдік тұрғындарға қайғылы жағдайдың алдын алу үшін газ жабдықтары мен түтін мұржаларын үнемі тексеріп отыру керектігін ескертеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласы әкімдігі жанында газтехникалық инспекция жұмыс істейді, оның міндеттеріне газ жабдығының жай-күйін тексеру және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу кіреді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin